Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша 2020 жылдың 29 қыркүйектегі жай-күйі туралы талдамалық анықтама

Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік ережеге сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Мекеме: Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілген мерзімі:.

2020 жылдың ІІІ- тоқсаны

2020 жылдың 1 қаңтары мен 29 қыркүйегі аралығындағы жұмыс кезеңіне ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні «Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша:

 - Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер бойынша құқық бұзушылық туралы ақпарат болмады;

-Сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша басқарма қызметкерлерінің қызметтері толықтай қаралды;

- Бұқаралық ақпарат құралдарында Басқарманың және оған қарасты мекеме қызметкерлерінің Заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өткен аралықта  Басқармаға заңды және жеке тұлғалар тарапынан арыз-шағымдар түскен жоқ;

-  Прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

- Басқарманың және оған қарасты мекеменің қызмекерлері атынан сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша тәртіп бұзушылықтар орын алған жоқ.

Кадрлер мәселесі бойынша мемлекеттік қызметшілердің көрсетілген мерзімде таза ауысуы болған жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету:

Басқармамен 10 мемлекеттік қызмет көрсетіледі: мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту; жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту; жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; іздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру; суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру; ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру; елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;  сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау; бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру.

Есеп кезеңінде 23 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 Мемлекеттік қызмет көрсету бағытында заңнамалар талаптарының бұзылу фактілері анықталмады.

Қазіргі танда мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары электрондық форматқа ауыстыру процедуралары жұргізілуде.

    Қорытынды және ұсыныстар:

  1. Басқармаға мемлекеттік қаражат есебінен бөлінген қаржыны уақытылы және тиімді игеру мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурстарын жыл сайы І жартыжылдығында жариялап, аяқтау;
  2. Басқарманың бос орын бірліктеріне конкурсты жариялау және бос орынды толықтыру жұмыстарын қамтамасыз ету.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелген лауазымды тұлға:

Бас маман-заңгер   __________________С.Мурзагалиев

Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша 2020 жылдың 29 қыркүйектегі жай-күйі туралы талдамалық анықтама
Дата публикации
10 декабря 2020