Облыстың табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру

Атырау облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға 2020 жылғы бюджет шығыстары туралы ақпарат

2020 жылы облыстың табиғатты қорғау іс-шараларына жергілікті және республикалық бюджеттен төмендегі іс-шараларға 10,3 млрд. теңге бөлінді:

  1. Экологиялық ағарту және насихаттау жұмыстарын жүргізу
  2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде Атырау облысының аудандарның (7 аудан) заңды тұлғалары арасында коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды енгізу механизмін ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету
  3. Атырау қаласының жиынтық томын жасақтау
  4. Атырау облысы Жылыой ауданы Майкөмген селосында құм тоқтату жұмыстарын жүргізу
  5. Атырау облысы Жылыой ауданы Майкөмген селосында құм тоқтату жұмыстарын жүргізу бойынша инжинирингтік қызмет көрсету (технадзор)
  6. Атырау облысы Жылыой ауданы Майкөмген селосында құм тоқтату жұмыстарын жүргізу бойынша авторлық қадағалау
  7. Атырау облысы шегінде Жем, Сағыз және Ойыл өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларына түзету енгізу жобалау құжаттарын жасақтау
  8. Каспий теңізінің Атырау бөлігіндегі су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларына түзетулер енгізу жобалау құжаттарын жасақтау
  9. Атырау облысы шегіндегі Жайық және Қиғаш өзендерін су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларына түзетулер енгізу жобалау құжаттарын жасақтау
  10. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған селосында құм тоқтату жұмыстарын жүргізу нысаны бойынша 2020 жылға жасыл екпелерді күтіп-ұстауғабағытталған кешенді жұмыстар
  11. Атырау облысы шегіндегі Жайық өзені суын молайту гидрологиялық режимін жақсарту
  12. Атырау қаласын көгалдандыру (МЖӘ жоба негізінде)
  13. Атырау қаласы мен елді мекендерді санитарлық тазалау
  14. Облыс аумағындағы аудандарды көгалдандыру және санитарлық тазалау
  15. Атырау облысы шегіндегі Қиғаш өзені суын молайту гидрологиялық режимін жақсарту
  16. Атырау қаласының сол жақ бөлігіндегі кәріздік-тазарту имараты құрылысы
  17. Мақат ауданы Доссор кентіндегі кәріздік желісінің және имараттарының құрылысы
  18. Исатай ауданы Аққыстау кентіндегі кәріздік желісінің және имараттарының құрылысы
  19. Индер ауданы «Алгабас-Жорық» каналын қайта жаңғырту
Дата публикации
20 ноября 2020