«Атырау облысы мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қаупі жоғары кезеңіндегі шектеулер туралы» қаулы жобасы жасақталып, Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланғандығын хабарлаймыз

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 15, 63-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына сәйкес, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің а.ж. 12 маусымдағы №27-07-11/1330-И хатына сәйкес, мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіптілігі көрсеткішінің «жоғарғы» және «төтенше» (IV-V-сыныбы) болуына байланысты, орман өртін алдын-алу мақсатында «Атырау облысы мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қаупі жоғары кезеңіндегі шектеулер туралы» қаулы жобасы жасақталып, Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланғандығын хабарлаймыз.

Аталған қаулы жобасына ескерту және (немесе) ұсыныстар келесі сілтеме бойынша енгізу мүмкін: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15546524

https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat/documents/details/866224?lang=ru

Дата публикации
04 июля 2025