Жер қойнауын пайдалану және су шаруашылығы бөлімі.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалану саласы бойынша бір қатар мемлекеттік қызметтер жүзеге асырылады.
Олардың бірі: «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.
2020 жылдың 1 қазанына дейін Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы 17 қорытынды берілді.