Публичное обсуждение результатов внутреннего анализа коррупционных рисков

Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  жүргізілген             ішкі талдау анықтамасы

 

 

Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін басқарманың 2024 жылғы 19 сәуір 34-н бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау мәні:

Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Аквакультура және кәсіптік балық аулау бөлімінің қызметі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау кезеңі: 2024 жылғы                   29 сәуір мен 29 мамыр аралығы.

Талдау бағыты:

1) Аквакультура және кәсіптік балық аулау бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2) Аквакультура және кәсіптік балық аулау бөлімінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ақпараттық талдамалық бөлім.

Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Аквакультура және кәсіптік балық аулау бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Басқарманың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлімінің құрылымы

Аквакультура және кәсіптік балық аулау бөлімі 3 маманнан тұрады:

         Бөлім басшысы - 1

         Бас маман – 2

        

  1. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:

- «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;

- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы;

- «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 09 шiлдедегі №593 Заңы;

- «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығы;

- «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы №180 бұйрығы;

- «Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 219 бұйрығы;

- «Балық шаруашылығын дамыту мәселесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 05.04.2021 жылғы №208 қаулысы;

- Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі №71 қаулысымен бекітілген «Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі».

 

  1. Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2024 жылғы 1 тоқсан жағдайына бөлімде 3 бағытта 763 мемлекеттік   қызмет көрсетілген:

- Акваөсіру (балық өсіру шаруашы лығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялаусондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамытуды субсидиялау – 0;

- Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау– 0;

- Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру (Балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу үшін аулау, мелиоративтік аулау, өсімін молайту мақсатында аулау)– 763;

  Басқарманың интернет-ресурсы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратпен үнемі жаңартылып отыр. Жоғарыда көрсетілген барлық мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған болып, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы тегін негізде көрсетіледі (көрсетілетін қызметті алушылармен тікелей байланыс алынып тасталған).

 

III. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқарманың жалпы штат саны 19.

Талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған тұлғалар жоқ.  

Талдау жүргізу барысында Басқарманың персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

  1. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау жүргізу барысында Басқарманың ішкі мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 219 бұйрығымен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларының 7-қосымшасының 8-тармағындағы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіндегі 5-тармақшасы «балық өсіру техникасы мен технологиялық жабдықтарды қабылдап алу-беру актілерінің көшірмелері» №1 «Балықтарға арналған құрама жем өндіретін зауыт (цех) құру және (немесе) кеңейту» және №6 «Өндірістік қуаты тәулігіне 1 тоннадан басталатын балық өңдеу объектісін құру және (немесе) кеңейту» жоба паспорттарына қажет емес деп есептейміз. Бірақ, осы фактке қарамастан субсидиялау қаражаты берілетін болса, сыбайлас жемқорлыққа тәуекел пайда болуы мүмкін.

Ұсыным: Аталған Заңға өзгеріс енгізу қажет.

 

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау жүргізу барысында Басқарманың рұқсат беру функцияларына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

YII. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқармада  бақылау функциялары жоқ.

YIII. Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқармада жалпы бухгалтерлік есеп, бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік сатып алу міндеттері қаржы жөніндегі бас маманға жүктелген.

Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекеліне әкеліп соғуы мүмкін.

Ұсыным: Бухгалтерлік қызметті және мемлекеттік сатып алу жұмыстарын орталықтандыру.

 

 

  1. Жасырын қызметтерді анықтау

Басқармада жасырын қызметтер анықталған жоқ.

ҚОРЫТЫНДЫ:

         Талдау барысында нормативтік-құқықтық актілерде, қаржы-шаруашылық қызметте, кадр мәселесі және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды одан әрі күшейту, оның тиімділігін арттыру мақсатында:

         - Басқармада тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол бермеу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ұжымның теріс қатынасын қалыптастыру;

         -  қолданыстағы заңдарды және оларға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды үнемі оқу;

         - сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпараттарды БАҚ-да, интернет ресурстарда жүйелі түрде орналастыруды қамтамасыз ету;

         - Заңдылық қағидатын, ҚР Конституциясы мен заңдарының талаптарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алу, өз мінез-құлқымен алаламаушылықтың, әділдіктің, риясыздықтың ұлгісі болу;

         - қызметшілер бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік, оған деген табанды имунитетті қалыптастыру ұсынылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫМДАР:

1) Балық шаруашылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары (субсидиялау) Заңдарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу.

 2) Бухгалтерлік қызметті және мемлекеттік сатып алу жұмыстарын орталықтандыру.

 

Жұмыс тобының жетекшісі

                                                З.Туребаева                                 

Жұмыс тобының мүшелері:

                                                 С.Куанышев                                   

 

                                                    Г.Мударисова

 

                                               А.Хасанова  

 

                                                  М.Қайырова

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
23 мая 2024