Справка о государственных услугах за 3 квартал 2023 года

Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу  басқармасымен 2023 жылғы 9 айы бойын қортындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері бойынша 2607 қызмет көрсетілді.

Атап айтқанда:

1) ІІ санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру – 52;

2) Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру– 89;

3) Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру – 2386;

4) Ағаш кесу және орман билетін беру – 80;

5) Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру – 14;

6) Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын  тіркеу – 0;

7) Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру – 0;

8) Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру – 0.

Көрсетілген қызметтердің барлығы  электрон түрінде көрсетілді. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша арыз-шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

Басқарманың интернет-ресурсы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратпен қамтылған.

Бұдан басқа, көрсетілген қызметтердің үлгілері бар ақпараттық стенділерде мемлекеттік қызметтер қағидаларымен жаңартылып тұрады.

2023 жылғы ақпан, мамыр айларында жер қойнауын пайдалану, су ресурстары және орман шаруашылығы бөлімінің бас маманы Г. Мударисова, А. Какимова мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша Атырау, Махамбет  орман және жануарлар дүниесінқорғау жөніндегі мем лекеттік мекемелеріне бақылау іс-шарасын жүргізді.

 

Дата публикации
17 октября 2023