Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен 2022 жылғы қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері бойынша 265 қызмет көрсетілді.
Атап айтқанда:
1) ІІ санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру – 56;
2) Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру– 70;
3) Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру – 23;
4) Ағаш кесу және орман билетін беру – 122;
5) Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру –13;
6) Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу – 0;
7) Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру – 0;
8) Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру – 0.
Көрсетілген қызметтердің барлығы Басқарманың кеңсесі арқылы, автоматты және қағаз түрінде көрсетілді.
«Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі «Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемелермен қағаз түрінде көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша арыз-шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
Басқарманың интернет-ресурсы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратпен қамтылған.
Бұдан басқа, көрсетілген қызметтердің үлгілері бар ақпараттық стенділерде мемлекеттік қызметтер қағидаларымен жаңартылып тұрады.