Көмірсутек шикізаты мен уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы және "Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 323 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 мамырда № 20787 болып тіркелді.

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған:

       1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жер асты сулары, емдік балшық және қатты пайдалы қазбаларды барлау, өндіру немесе аралас барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу қағидалары;

       2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу қағидалары;

       3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау қағидалары;

       4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Жер қойнауы учаскесін өзгертуге өтінім беру қағидалары;

       5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру қағидалары;

       6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

  1. "Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16985 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 маусымда Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

 

     кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

       "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 265-бабының 10-тармағына және "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

       Көрсетілген бұйрық пен бекітілген Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидалары осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
17 октября 2023