Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін жария талқылау
Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін басқарма басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау мәні:
Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау кезеңі: 2023 жылғы 9 қаңтар мен 31 тамыз аралығы.
Талдау бағыты:
1) Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ақпараттық талдамалық бөлім.
Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Атырау облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік экологиялық саясатты іске асырады.
Басқарманың қарамағында:
- «Атырау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» мемлекеттік мекемесі;
- «Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» мемлекеттік мекемесі;
- «Индер орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» мемлекеттік мекемесі;
- «Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» мемлекеттік мекемесі бар.
Басқарманың заңды мекен-жайы 060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі,77.
Басқарма Атырау облысы әкімдігі қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес қызметін жүзеге асырады.
Басқарма ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексі, ҚР «Орман кодексі», ҚР «Су кодексі», ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процетік кодексі», ҚР «Экология кодексі», ҚР «Бюджет кодексі» «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдары және қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу бағытындағы құқтық нормативтік актілер талаптарына сәйкес қызмет атқарады.
Басқарманың штаттық бірлігі- 15 адам;
Басшы – 1 бірлік;
Басшы орынбасары – 2 бірлік;
Бөлім басшысы-2 бірлік;
Бас мамандар-10 бірлік
2023 жылдың 31 тамызы жағдайына мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 11 адам, 2 уақытша бос орын, 2 тұрақты бос орын.
Басқармаға 2023 жылға барлық бағдарламалар бойынша бөлінген қаржы 2 266,0 млн теңгені құрайды.
Өңірдің экологиясын жақсарту бағытында, 2020 жылы облыс әкімдігі мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп өзекті экологиялық проблемаларын шешу жөніндегі «Жол картасын» қабылданған.
Аталған «Жол картасын» 2022 жылы толықтырулармен өзгерістер енгізіліп қайта бекітілген.
Сонымен бірге, Басқармада Атырау облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Кешенді жоспары, Мемлекеттік жеке әріптестік аясында «Атырау қаласын көгалдандыру» жобасы, Атырау облысының Өңірлік жоспары, Ресей Федерациясы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен 2021-2024 жылдарға арналған трансшекаралық Жайық (Урал) өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру бағдарламасы алынды және облыстық құрылыс басқариасы тарапынан құжаттары жасақталып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі Бірыңғай жол картасы негізінде табиғат қорғау, өңірдегі экологиялық жүктемелерді азайту бағытында шаралар жүргізілуде.
Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Экологиялық сараптама, рұқсат беру және табиғат қорғау шаралары бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Басқарманың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімінің құрылымы
Экологиялық сараптама, рұқсат беру және табиғат қорғау бағдарламары бөлімі 6 маманнан тұрады:
Бөлім басшысы - 1
Бас маман – 5
Бөлімінің негізгі міндеттері:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жүргізуді ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу және рұқсаттарды беруді, есепке алуды, жоюды және қайта рәсімдеу жұмыстарын ұйымдастыру;
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын бекітуді жүзеге асыру;
Жергілікті атқарушы орган ретінде қоғамдық тындауларға қатысу, қоғамдық тыңдауларды ашу, Атырау облысының www.gov.kz ресми сайтына қоғамдық тыңдаулар хаттамасының салынуын бақылау;
Ірі өндірістік және мұнай-газ кәсіпорындарының табиғат қорғау шараларының орындалысын қамтамасыз ету, сәйкес шаралар қабылдау бойынша ұсыныстар енгізу;
Қауіпті химиялық қалдықтарды залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру, өз құзыреті шеңберінде төтенше жағдайлар шараларына қатынасу, азаматтық химиялық қорғау қызметін ұйымдастыру;
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну;
Облыстағы өзекті экологиялық проблемалар тізбесін әзірлеу, қоршаған орта сапасын жақсартуға, оның ішінде атмосфералық ауа сапасын жақсартуға, арналған іс-шаралар жоспарын жасақтап, іске асыру;
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы үкіметтік емес ұйымдармен жұмысты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамасын» іске асырудың іс- шараларын жүргізу;
Табиғат қорғау жұмыстары (006, 008 бюджеттік бағдарламалар) бойынша іс-шаралар жоспарын жасақтау, оны бекітуге ұсыну;
Табиғат қорғау іс-шаралардың жобалары бойынша мердігерлермен атқарылған жұмыстарды қабылдауды жүзеге асыру;
Басқармаға қатысты 006, 008 бюджеттік бағдарламалардың жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және келісім-шарттардың орындалуын бақылау;
Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару (жинау, сұрыптау және қадеге жаратуды ұйымдастыру);
Бөлімге түскен құжаттардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін мерзімінде сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
Облыс әкімінің сайттарына келіп түскен сұрақтарды талдау және арыз, сұрақ иелеріне уақытында жауап берілуін қамтамасыз ету;
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы үкіметтік емес ұйымдармен жұмыстарды жүзеге асыру;
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну;
Қатты тұрмыстық қалдықтарды реттеу және басқару жөнінде қажетті шаралар қабылдау, жоғары органдарға ақпараттың мерзімінде, сапалы берілуін қамтамасыз ету;
Облыстағы экологиялық проблемалар тізбесін әзірлеу және жаңартып отыру;
Экологиялық ахуалды сауықтыруға бағытталған ғылыми практикалық іс - шаралар (конференциялар, семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер, симпозиумдар және өзге іс-шаралар) ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Заңдары мен ҚР Үкіметінің актілерінің, облыс әкімдігі мен әкімінің құқықтық актілерінің орындалуын жүзеге асыру;
Шаруашылық субъектілерімен қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
Атырау облысының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақтық даму бағдарламасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу шараларын қабылдау;
Басқарманың аналитикалық материалдарын даярлау және жұмыстарын үйлестіру.
Бөлім ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексі, ҚР «Орман кодексі», ҚР «Су кодексі», ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процетік кодексі», ҚР «Экология кодексі», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдары және қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу бағытындағы құқтық нормативтік актілер талаптарына сәйкес қызмет атқарады.
2023 жылда бөлімде 2 бағытта 259 мемлекеттік қызмет көрсетілген:
- ІІ санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру – 60;
- Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру– 199;
Басқарманың интернет-ресурсы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратпен үнемі жаңартылып отыр. Жоғарыда көрсетілген барлық мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған болып, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы тегін негізде көрсетіледі (көрсетілетін қызметті алушылармен тікелей байланыс алынып тасталған).
2023 жылы 008 «Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар» бюджеттік бағдаламасы бойынша барлығы 259 484,08 мың теңге қаражат бөлініп, 16 іс-шара жоспарланған. Соның ішінде 4 жұмыс желтоқсан айында 6 жұмыс 2024 жылы жалғасын табады. Жоспардағы 12 жұмыс сексеуіл егумен өңірде құм тоқтату шаралары.
2023 жыл бойынша мүдделер қақтығысы орын алмаған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Басқарма қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланбаған.
Жер қойнауын пайдалану, су ресурстары және орман шаруашылығы бөлімі Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Басқарма Ережесін басшылыққа алады.
Жер қойнауын пайдалану, су ресурстары және орман шаруашылығы бөлімі 4 маманнан тұрады:
Бөлім басшысы – 1
Бас маман – 3
Жер қойнауын пайдалану, су ресурстары және орман шаруашылығы бөлімінің негізгі міндеттері:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жүргізуді ұйымдастыру;
Бассейндiк су шаруашылығы басқармаларымен бірлесе отырып су қорғау аймақтарын, белдеулерiне өзгерістер енгізу бойынша жұмыстарын ұйымдастыру;
Жер үсті су көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту;
Жер асты су қорын анықтау мақсатында іздеу-барлау жұмыстарын ұйымастыру;
Су объектілерінде ортақ су пайдаланудың қағидаларын әзірлеу;
Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру;
Жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған, кен іздеушілікке арналған келісім-шарттары мен лицензиялар шарттарының сақтауына бақылау және мониторинг жасау;
Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою жұмыстарын қабылдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру және жою актісін дайындау;
Атырау облысының геопорталына кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы рәсімделген кен орындары бойынша мәліметтерді енгізу және мониторинг жасау;
Жалпыға ортақ пайдаланатын автокөлік жолдарын салуға қажетті пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге рұқсаттарды беруді ұйымдастыру;
Ормандарды сақтауды, қорғауды, молықтыруды және орман өсіруді қамтамасыз ету, мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттеу;
Орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізуді ұйымдастыру;
Атырау облысы бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекiтуді ұйымдастыру;
Орман қорын өсіру, ұлғайту, молықтыру мақсатында жасақталған жобаларды іске асыру, сала бойынша акциялар мен басқа да көпшілік шараларды ұйымдастыру;
2023 жыл бойынша мүдделер қақтығысы орын алмаған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Басқарма қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланбаған.
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер.
«Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексіне (Бұдан әрі-Кодекс) қатысты анықтық енгізу қажеттігі туындап отыр:
Алайда, бұл тармақта кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндірушілерге қатысты бақлау мәселесіне анықтық енгізілмеген.
Талдау барысында бұл мәселелердің басқармаға жүктелетіні анықталды.
Бұл ретте жер қойнауын заңсыз өндірушілер жер қойнауын пайдаланушылар болып табылмайды.
Осы орайда өңірімізде заңсыз өндірушілерге шара қолданатын құзырлы органдар белгіленбеген.
Сондықтан, заңсыз өндірушілерге қатысты бақылау жүргізуші органды белгілеу уақыт күттірмейтін өзекті мәселе деп есептейміз.
Сондай-ақ, Кодекстің 221-бабына 5 тармағына сәйкес, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияларда көзделген міндеттемелерді бұзушылық жер қойнауын пайдаланушыны тұрақсыздық айыбы немесе лицензияны қайтарып алу түріндегі жауаптылыққа алып келеді деп көрсетілген.
Бұл ретте, осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген бұзушылық жасалған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органнан хабарлама алған күннен бастап үш ай ішінде бұзушылықты жоюға міндетті.
Белгіленген мерзімде бұзушылық жойылмаған жағдайда, құзыретті орган осы баптың 6-тармағына сәйкес лицензияны қайтарып алады.
Лицензияны қайтарып алуды құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыға лицензияны қайтарып алу туралы жазбаша хабарлама жіберу арқылы жүргізеді.
Жер қойнауын пайдаланушы лицензияны қайтарып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап үш айдан кейін лицензияның қолданылуы тоқтатылады.
Осы жағдайда комиссия құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыға лицензияны қайтарып алу туралы жазбаша хабарлама жібергеннен соң 3 айдан кейін лицензияның қолданылуының тоқтатылуын артық деп пайымдайды.
Қорытынды:
Басқарма қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер бойынша:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды одан әрі күшейту, оның тиімділігін арттыру мақсатында:
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізуге жауапты қызметкердің тәртіптік жауапкершілік мәселесін қарау;
- Басқармада тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол бермеу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ұжымның теріс қатынасын қалыптастыру;
- қолданыстағы заңдарды және оларға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды үнемі оқу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпараттарды БАҚ-да, интернет ресурстарда жүйелі түрде орналастыруды қамтамасыз ету;
- 3аңдылық қағидатын, ҚР Конституциясы мен заңдарының талаптарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алу, өз мінез-құлқымен алаламаушылықтың, әділдіктің, риясыздықтың ұлгісі болу;
- қызметшілер бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік, оған деген табанды имунитетті қалыптастыру ұсынылады.