Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Экологиялық сараптама, рұқсат беру және табиғат қорғау бағдарламалары бөлімімен 2022 жылы атқарылған жұмыстар
Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттік экологиялық сараптама, рұқсат беру және табиғат қорғау бағдарламалар бөлімімен 2 бағытта, яғни экологиялық сараптама, рұқсат беру қызметі және қоғамдық тыңдау өткізу, табиғат қорғау шаралары бойынша жұмыстар атқарылады.
Бөліммен www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес, қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша «II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру» (60 қызмет) және «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» (139қызмет) бойынша барлығы 199 қызмет көрсетілді.
Сонымен қатар, ІІІ санаттағы объектілерде қызметті жүзеге асыратын тұлғалар (бұдан әрі – декларант) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына қоршаған ортаға әсер ету туралы 231 декларация ұсынылды.
Оған қоса, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттың күшін жаңа рұқсат берілген күннен бастап не табиғат пайдаланушының жазбаша өтініші негізінде жояды. 2022 жылы күші жойылған рұқсаттар саны - 252.
Сондай-ақ, 2022жылы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 26 қазандағы №425 «Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 3 тамыздағы №286 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығының Қағидасын басшылыққа ала отырып, ашық жиналыс арқылы - 258, жария талқылаулар арқылы – 197 қоғамдық тыңдаулар өткізілді.
Қоғамдық тындау хаттамалары ecoportal.kz порталында жарияланады.
«Атырау қаласы аумағында атмосфералық ауа сапасына мониторинг» жүргізу бойынша Экология департаменті, Атырау облысы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті және «Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалымен мобильді топ кестесі құрылып жұмыстар жүргізілуде.
Басқарманың негізгі бағытының бірі табиғат қорғау іс-шаралары болып табылады.
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу ерекшелігі» бойынша екі іс-шара жоспарланып, экологиялық ағарту және насихаттау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Қала халқын атмосфералық ауаға шығарылатын газдардың мөлшерімен хабардар ету мақсатында (НКОК-8, АМӨЗ-4, ТШО-4, Қазгидромет-5) 21 автоматты мониторинг станцияларынан (АСМ) алынған деректер Air.kz қосымшасы арқылы көруге болады.
Жаңа Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкестендіру мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигондарын оңтайландырып, қала және аудандардағы уақытша сақтау алаңдарын оңтайландыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.