ЖОБА
Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі №212
«Атырау облысы бойынша бір гектар үшін қамтамасыз етудің мөлшерін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі №212 «Атырау облысы бойынша бір гектар үшін қамтамасыз етудің мөлшерін айқындау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4251 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
қосымшада:
Атырау облысы бойынша бір гектар үшін қамтамасыз етудің мөлшерінде:
«6940» деген цифрлар «3170» деген цифрлармен ауыстырылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.К.Айдарбековке жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі М.Досмұхамбетов