КАДЫРКА АУЫЛЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ

КАДЫРКА АУЫЛЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ
 
Облыстық құрылыс,сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысымен салынған медициналық пункт пайдалануға берілді. Бас мердігер- «ДЕКОР» ЖШС.
 
Жаңа ғимаратта алдын ала егу бөлмесі, егу бөлмесі, процедура бөлмесі, материал жинау және перфорациялық зерттеу бөлмесі,мейірбикелер бөлмесі, резидент бөлмесі, акушер бөлмесі, дезинфекциялық заттарды дайындауға және сақтауға арналған бөлме, техникалық қызметкерлер бөлмесі, тазалау жабдықтарын сақтау бөлмесі және дәріхана бар.