МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ МОРАЛЬДЫҚ ӘДЕПТІЛІК БЕЙНЕСІ туралы Мемлекеттік қызмет үлкен жауапкершілік. Мемлекеттік қызметші халық үшін адалдықтың, әділеттіліктің, қарапайымдылық пен кішіпейілділіктің белгісі болып келеді. Осы орайда мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне байланысты Атырау облысы Құрылыс басқармасында 2020 жылдың 11 қараша күні жиналыс өткізілді. Осы жиналыста басқарма басшысы міндетін уақытша атқарушысы Мемлекеттік қызметші қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауын ескертті. Әдеп кодексінің талаптарын мүлтіксіз ұстануы мен мемлекеттік қызметші бола тұра әріптестеріне, бағыныштылары мен азаматтарға шыдамсыздық көрсету және жат мінез құлық таныту мемлекеттік қызметшінің шыншыл болуы – оның маңызды моральдық қасиеті болып табылатынын атап өтті. Ол екі жүзділікке, өтірік айтуға, жеке мүддесі үшін өзгеше сипатта пайдалануға қарсы болуы, мемлекеттік қызметшіге, өзге мамандық иелеріне қарағанда тәкаппарлық мінезге жол бермеу және азаматтармен қарым - қатынаста менмендікпен, олардың білімі мен тәжірибесін менсінбеушіліктен, өз орнын аса биік бағалаудан, қолы жеткен табысқа мастанудан, өз мүмкіндігін асыра бағалау қасиеттер мемлекеттік қызметші арасында осындай мінез құлықтардан алуақ болуын қатаң түрде ескертіп төмендегі көрсетіліп кеткен талаптарға жеке-жеке тоқталып айтып өтті.
Әр мемлекеттік қызметші білуі тиіс жалпы қабылданған талаптары:
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Мемлекеттік қызметші лауазымна лайықты жұмыс істеу – біздің басты міндетіміз!