МЕМЛЕКЕТТІК - ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБАСЫНА БАСТАМАШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

МЕМЛЕКЕТТІК - ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБАСЫНА БАСТАМАШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

 

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы               31 қазандағы  №379-V Заңының 44 бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарына мониторинг жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына мониторинг жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларын қамтитын                133-тармағына сәйкес, Атырау облысы әкімдігі атынан «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» ММ «Атырау қаласы «Береке» ықшам ауданындағы әлеуметтік тұрғын үйлерді іске асыру, жалпы аланы 47 530 м2)» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын тікелей келіссөздер тәсілімен бастамашылық ету туралы хабарлайды.

Жобаның мақсаты: тұрғын үйдің қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту.

Жобаның құны: 10 694 250 000 теңге

Жобаны іске асыру кезеңі: 2020-2023 жж.

Шығындарды өтеу көздері: "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" ҚР Заңының9-бабына сәйкес МЖӘ жобалары бойынша инвестициялық шығындарды өтеу.

Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер хабарламада көрсетілген талаптарға, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 130-тармағында көрсетілген жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге сәйкес баламалы ұсынысты, сондай-ақ қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттарды ұсынады, олардың негізінде біліктілік іріктеу жүргізілетін болады.

Әлеуетті инвесторларға қойылатын талаптар:

- КТҮ құрылысына арналған жер учаскесінің болуы;

- бекітілген эскиздік жоба;;

- ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттама;

- жалпы ауданы 47 530 м2, таза әрленген 648 пәтерден тұратын КТҮ құрылысы;

- жалпы ауданы 47 530 м2, 648 пәтерден тұратын КПТҮ инженерлік желілерін салу және аумақты абаттандыру;

- жалпы ауданы 47 530 м2 болатын 648 пәтерден тұратын КПТҮ пайдалануға беру;

- ПИК құру жолымен жалпы ауданы 47 530 м2, 648 пәтерден тұратын КПТҮ қызмет көрсету, ПИК қызметтерін көрсету немесе МЖӘ қағидаттарын сақтай отырып, өзге де қызметтер көрсету.

- мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін тұрғын үй ғимараттарының қолжетімділігі.

 

Әлеуетті жекеше әріптестер осы хабарлама жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын балама ұсыныстар мен құжаттарды ұсынуы қажет: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, "Атырау облысының құрылыс басқармасы" ММ, Әйтеке би көшесі, 77, тел.: 8 7122 271750, 8 7122 271751

 

МЕМЛЕКЕТТІК - ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБАСЫНА БАСТАМАШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Дата публикации
06 ноября 2020