
Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті:
- «Атырау облысы Атырау қаласының бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» құжатының әсер ету скринингі бойынша есеп.
СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Казгипроград»1 Жобалау институты ЖШС.
СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Атырау облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.
СЭБ материалдарын әзірлеуге жауапты: Заридзе Ж.Г.
СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төменде аталған мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:
Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі:
- бастапқы жыл - 01.01.2024 ж., 01.01.2025 жылға нақтылаумен;
- құрылыстың бірінші кезегі - 2032 ж.;
- есептік мерзім – 2040 ж
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша рәсімдерді өткізу мерзімі: 2025 жылғы 20 маусымнан бастап 4 шілде дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылдың 4 шілде).
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі - Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8
Экологиялық саясат департаменті
Тел.: 8 (7172) 74-13-83, 74-02-83, 8 707-617-31-74
e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайларға жіберуге болады:
- электронды түрде на эл.адрес Экология министрлігі Канцеляриясының электрондық адресіне: k.kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжатыңызды Канцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет);
- e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz;
СЭБ бойынша материалдар: