Атырау облысы Құрылыс басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау анықтамасы
Атырау қаласы « »_______ 2022жыл
-ҚР Әділет Министрлігі Атырау облысының Әділет департаменті Атырау қаласының Әділет басқармасы 2008 жылғы 30 сәуірдегі «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі;
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;
-2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы;
- «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы;
- Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралыҚазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңы;
-Атырау облысының 2020-2025 жылдарға арналған Аумақтық даму бағдарламасы;
- «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы;
- 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы;
-ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығы, ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №129 бұйрығы;
- ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі;
- ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№195 бұйрығы;
-«Әлеуметтік инвестициялық жобалар» және «Игілік» бағдарламасы;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының №434-V Заңы;
- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
№120-VI Кодексі;
- «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Кодексі;
- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы
31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1193 қаулысы;
- «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысы;
- «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы
№1127 қаулысы;
- «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы
29 желтоқсандағы №939 қаулысы.
- 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының №414-V «Еңбек Кодексі»;
Талдау анықтамасы бойынша нормативтік-құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.
Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.
Атырау облысы Құрылыс басқармасының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:
1) Басқарманың жалпы штат саны 20 бірлікті құрайды, қазіргі таңда бос лауазымдар жоқ.
Басқарма басшысы 2022 жылғы 23 мамырдан басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы болып қызмет атқаруда.
Басқарма орынбасарлары үш бірлік, 2016жылғы 29 наурыздағы №47 және 2021 жылғы 03 қыркүйектегі, 2021 жылғы 15 сәуірде №72 бұйрықтарымен тағайындалып қазіргі уақытқа дейін тұрақты қызметтерін атқаруда.
Мемлекеттік сатып алу бөліміндеекі бірлік, бөлім басшысы 2015 жылдан жылдан бері тұрақты қызмет атқаруда және бөлімнің бас маманы басқарма басшысының міндетін атқарушысының 2021 жылғы 15 сәуірдегі №71 бұйрығы негізінде қызметке қабылданды.
Жобалау сметалық қужаттамма бөлімі екі бірлік, Бөлім басшысы
2019 жылдың 18 сәуірі бері тұрақты қызмет атқаруда және бөлімнің бас маманы 2019 жылғы 31 мамырда №89 бұйрық негізінде жұмысқа қабылданды.
Әлеуметтік-инвестициялық жобалар бөлімі үш бірлік, Бөлім басшысы 2017 жылдың 02 қазан айынан бастап тұрақты қызмет атқаруда және бөлімнің бас мамандары 2020 жылдың 9 қарашада №221 бұйрықпен, 2022 жылдың 13 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін тұрақты қызметтерін атқаруда.
Жоспарлау экономикалық бөлімі екі бірлік, Бөлім басшысы 2019 жылғы
11 қыркүйекте №166 бұйрықпен және бөлімнің бас маманы 2019 жылғы
17 қыркүйекте №168 бұйрығымен тұрақты қызмет атқаруда.
Бухгалтерлік есеп бөлімі екі бірлік, Бөлім басшысы 2017 жылғы 14 тамызда №209 бұйрықпен және бөлімнің бас маманы 2020 жылғы 04 мамырда
№77 бұйрығымен тұрақты қызмет атқаруда.
Құрылыс бөлімі бес бірлік,Бөлім басшысы 2018 жылғы 27шілдеде
№161 бұйрықпен және бөлімнің бас мамандары 2018 жылғы 12 қараша
№239, 2020 жылғы 14 қазандағы №230, 2020 жылғы 16 қарашадағы №231, 2020 жылғы 6 қарашадағы №222 бұйрығымен тұрақты қызметтерін атқаруда.
2) мүдделер қақтығысын реттеу – ағымдағы жылдың 25 мамыр жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;
3) мемлекеттік қызмет көрсету- басқарма бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру –басқармада рұқсат беру функциясы іске асырылмайды;
5) бақылау функцияларын іске асыру – басқармада бақылау функциясы іске асырылмайды;
Талдау нәтижесі бойынша құқықбұзушылықтар анықталған жоқ;
6) басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер – жоқ;
7) басқармаға қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері – басқармаға қатысты тексерістер жүргізілген жоқ;
8) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар - қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;
9) басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері –басқарма қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;
10) прокурорлық қадағалау актілері – прокурорлық кадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;
11) сот актілері – басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.
Жұмыс тобының жеткешісі______________________Н.Сақпаров
Жұмыс тобының мүшелері _______________________Д.Тілепберген
Жұмыс тобының мүшелері _______________________М.Утешкалиева