«Атырау облысы Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

Облыс әкімдігінің

2017 жылғы « 07 »  ақпандағы

№19  қаулысына қосымша

 

Облыс әкімдігінің

2017 жылғы «07» ақпандағы

№19  қаулысымен бекітілген

 

 

«Атырау облысы Құрылыс басқармасы»

мемлекеттік мекемесі  туралы ереже 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Атырау облысының аумағында құрылыс саласында өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын атқарушы орган болып табылады.
  2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. Басқарманың, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, индексі 060010.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
  11. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Басқарманың миссиясы:

Атырау облысы аумағында құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Қазақстан Республикасының Құрылыс нормалары және ережелеріне (ҚР ҚНжЕ) сәйкес әлеуметтік-мәдени мақсаттағы жаңа объектілерді салу және қолданыстағы объектілерді қайта жаңғырту. 

  1. Басқарманың негізгі міндеттері:

1) Атырау облысының аумағында құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;

2) Атырау облысының тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру;

3) құрылыс өнімін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, объектілер құрылысын салу және оларды пайдаланудың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;

4) өз құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдар мен құрылыс ұйымдарының құрылыс саласындағы инвестициялық бағдарламаларды орындау жөніндегі қызметін үйлестіру.

  1. Басқарманың функциялары:

1) құрылыс қызметі саласында  мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүддені қорғау мәселелері бойынша  республикалық аумақтық жобаларды мемлекеттік сараптау бөлімшелерімен, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы органымен өзара іс-қимыл жасау;

2) жер заңнамасына сәйкес аудандардың (қаланың) жергілікті атқарушы органдарында объектілердің құрылысына арналған жер учаскесін беру туралы шешімдер алу;

3) қала құрылысы, сәулет жобаларын, құрылыс жобасын әзiрлеу алдында жасалатын және құрылыс бағдарламаларын, есептердi, техникалық-экономикалық негiздемелерiн, техникалық-экономикалық есептеулердi, ғылыми зерттеулер мен инженерлiк iзденiстер нәтижелерiн, технологиялық және конструкциялық есептеулердi, нобайларды, макеттердi, өлшемдер мен объектiлердi зерттеу нәтижелерiн, сондай-ақ жобалау құжаттамасын әзiрлеу және жобаларды кейiннен iске асыру туралы шешiмдер қабылдауға қажеттi өзге де бастапқы деректер мен материалдарды қамтитын құрылыс жобасын әзірлеу алдындағы жобалау алдындағы құжаттаманы жинау;

4) мемлекеттік бюджет және басқа да көздер есебінен қаржыландырылатын объектілер мен құрылыстарды жобалауға, жаңғыртуға және құрылысын салуға арналған конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру және өткізу;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік актілеріне сәйкес конкурс негізінде жеткізіп берушіні тарту арқылы (құрылыстың мердігерлік әдісі кезінде) орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілу барысы мен сапасын техникалық қадағалауды қамтамасыз ету;

6) жалпы салалық және табиғат қорғау мақсатындағы объектілерді жобалау, қаржыландыру және құрылысын салу кезінде тиімді инвестициялық саясатты жүргізу;

7) отандық жобалау және құрылыс өнімінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды,  жаңа құрылыста инвестицияларды пайдалану тиімділігін ынталандыратын жағдайларды қалыптастыру;

8) мемлекеттік бюджет және басқа да көздер есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысын салу, жаңғырту және қалпына келтіру кезінде тапсырыс берушінің  функцияларын жүзеге асыру;

9) мемлекеттік бюджет және басқа да көздер есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалауға, қайта жаңғыртуға  және құрылысын салуға арналған мемлекеттік сатып алу процесін ұйымдастыру және өткізу;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру;

11) құрылыстарды, ғимараттарды, имараттарды, инженерлік коммуникацияларды салу, жаңғырту туралы, сондай-ақ аумақты абаттандыру мен көгалдандыруға  инженерлік  дайындау, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;

12) объектілердің және олардың кешендерінің құрылысына (жаңғырту, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңарту), сондай-ақ коммуникацияларды төсеу, аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандыруға арналған жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

13) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін мемлекеттік нормативтерде көзделген әзірленген жобалау-сметалық құжаттаманың толық  толық жиынтығын ұсыну;

14) салынған объектiнi бекiтiлген жобаға сәйкес ол толық әзiр болған және сәйкестiк туралы декларациясы, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекiтiлген жобаға сәйкестiгi туралы қорытындылар болған кезде пайдалануға қабылдау және іске қосу;

15) бүлінген құрылыстарды қалпына келтіру немесе бұзу бойынша  қабылданған шешімдер бөлігінде төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуге қатысу;

16) пайдалануға тапсырылатын объектілердің (кешендердің) есебін жүргізу;

17) Басқармада гендерлік теңдікті нығайту бойынша тиісті іс-шараларды жүзеге асыру;

18) белгіленген құзыреті шегінде аудандық және қалалық құрылыс органдарының қызметін үйлестіру;

19) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де функциялар.

  1. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада және басқа да нормативтік актілерде белгіленген тәртіппен өз құзыретіне кіретін  мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан қажетті құжаттарды, материалдарды сұратады және алады;

2) облыста жүргізіліп жатқан қаржы-несиелік, инвестициялық, салық саясатының мәселелері бойынша және облыста құрылыс саясатын жүргізуге ықпал ететін басқа да жағдайларда шешімдер әзірлеуге қатысады;

3) мемлекеттік құрылыс саясатына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға елді мекен аумағы шегінде азаматтардың қолайлы тіршілік ету ортасына және тыныс-тіршілігіне құқықтарын қорғауға бағытталған ұсыныстар енгізеді;

4) мердігер (бас мердігер) орындап жатқан жұмыстардың барысы мен сапасына және олардың орындалу мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;

5) мердігерден талаптар бұзыла отырып орындалған жұмыстарды қабылдамауға;

6) техникалық қадағалау қызметін бақылауға;

7) сәйкессіздіктер анықталған жағдайда техникалық және авторлық қадағалаулардың қорытындыларын алудан бас тартуға;

8) техникалық күрделі объектілерді, соның ішінде бірегей құрылыс объектілерін және ірі инвестициялық жобаларды салу үшін, жобаның (бағдарламаның) тапсырыс берушісімен (инвестормен) жобаны басқару бойынша инжинирингтік ұйымдар тартуға;

9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;

10) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін мердігерге (бас мердігерге) бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беруге;

11) объектіні Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қажетті рұқсат беру құжаттарымен қамтамасыз етуге;

12) техникалық және авторлық қадағалаулармен қолдау мен объектінің құрылысын қамтамасыз етуге;

13) мердігерге (бас мердігерге) техникалық және авторлық қадағалаулардың нұсқауларын орындамағаны не уақтылы орындамағаны және сапасыз орындағаны үшін шаралар қолдануға;

14) техникалық және авторлық қадағалау үшін жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге;

15)  мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау органдарының нұсқамаларын орындауды қамтамасыз етуге;

16) техникалық қадағалау қызметін бақылау бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау органдарының лауазымды адамдарының объектіге жіберілуін қамтамасыз етуге;

17) объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде объектінің тұрған жері бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау органдарына объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және олардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыны жіберуге;

18) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

19) «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша сот органдарында жауапкер немесе талап қоюшы болады.

 

  1. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

        

  1. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
  2. Басқарма басшысын Атырау облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Басқарма басшысының Басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
  4. Басқарма басшысының өкілеттігі:

1) өз орынбасарларының,  Басқарманың  бөлім басшылары мен басқа да қызметкерлерінің  міндеттері мен өкілеттіктерін  айқындайды;

2) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

3) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен  босатады;

4) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза  қолданады;

5) Басқармасының актілеріне қол қояды және бекітеді;

6) Басқарманың барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

8) Мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

9) басқарманың штаттық кестесін бекітеді;

10) Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

11) заңнамаға сәйкес қарамағындағы заңды тұлғалардың директорын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

12) ведомствоға қарасты ұйымдардың штаттық кестесін бекітеді;

13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің құзыреті шегінде басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

  1. Басшы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.

       

  1. Басқарманың мүлкі

 

  1. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

        

  1. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

 

«Бизнес көмек» әлеуметтік жобаларды қолдау жөніндегі мемлекеттік қор» қоры

 

«Атырау облысы Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Дата публикации
25 декабря 2020