GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
Туризм
26 июня 2026
Мемлекеттік қызметшіге тәрбие берген ата-анаға құрмет көрсетілді

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Атырау облысында ел игілігі жолында адал қызмет атқарып жүрген мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасыларына құрмет көрсетілді.

Мереке аясында Атырау облысы әкімінің атынан Туризмді дамыту бөлімінің бас маманы Динара Бөрібайқызы Тоқсанованың ата-анасына Алғыс хат табыс етілді.

Бұл марапат – қызына адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық пен елге қызмет ету құндылықтарын бойына сіңіріп, саналы тәрбие берген ата-ананың еңбегіне көрсетілген зор құрметтің белгісі. Мемлекеттік қызметте табысты еңбек етіп жүрген азаматтардың қалыптасуында отбасы тәрбиесінің орны ерекше екені атап өтілді.

Ата-аналарға көрсетілген құрмет олардың қоғам алдындағы еңбегіне берілген жоғары баға, жас ұрпаққа үлгі болатын азаматтарды тәрбиелегені үшін ризашылық белгісі.

Спорттық іс-шаралар
14 мая 2026
VIII Халық ойындарының іріктеу жарыстарының ашылу салтанаты өтті
VIII Халық ойындарының іріктеу жарыстарының ашылу салтанаты өтті
 
Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының ұйымдастыруымен VIII Халық ойындарының іріктеу жарыстарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
 
Ауқымды спорттық шараға өңірдің қала-аудандарынан келген 300-ге жуық спортшы қатысуда.
Салтанатты жиында спорт саласының өкілдері мен ұйымдастырушылар қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың маңыздылығына тоқталды. Аймақ спортшылары ұлттық және олимпиадалық спорт түрлері бойынша өзара бақ сынап, республикалық кезеңге жолдама үшін таласады.
Жарыс келесі спорт түрлері бойынша өтуде: баскетбол (3х3), волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, үстел теннисі, футзал, асық ату, қол күресі және гір спорты.
Айта кетейік, VIII Халық ойындарының республикалық кезеңі 11-20 маусым аралығында Түркістан қаласында ұйымдастырылады.
Спорт — ынтымақ пен салауатты өмір салтының негізі. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Туризм
14 мая 2026
Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының «Visit Atyrau» туристік ақпараттық орталығы мен «Martins» және «Lattea» кофеханаларымен бірлесіп «Саяхат дәмі бар кофе» жобасын іске қосты.
Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының «Visit Atyrau» туристік ақпараттық орталығы мен «Martins» және «Lattea» кофеханаларымен бірлесіп «Саяхат дәмі бар кофе» жобасын іске қосты.
Енді атыраулықтар мен қала қонақтары кофеханада отырып-ақ шаһардың тарихи-танымдық орындарымен таныса алады. Арнайы әзірленген кофе стақандарында өңірдің көрікті жерлері бейнеленіп, ондағы QR-код арқылы тұрғындар мен туристер тарихи нысандар туралы толық ақпаратқа қол жеткізе алады. Сонымен қатар гидтердің байланыс нөмірлері мен қонақ үйлер ұсынатын жеңілдіктер де қолжетімді.
Жоба күнделікті тұтыну мәдениетін туризммен ұштастырып, Атыраудың тарихи-танымдық әлеуетін кеңінен танытуды көздейді. Осы арқылы өңірдің туристік брендингі заманауи әрі қолжетімді тәсілмен насихатталмақ.
Кофе стақандарында көне Сарайшық қалашығы, Лотос алқабы, Нарынқұм, Ақжайық мемлекеттік табиғи резерваты мен Гиннес рекордтар кітабына енген жаяу көпір секілді өңірдің бірегей орындары бейнеленген.
Бүгінде арнайы дизайндағы стақандар Атырау қаласындағы Қаныш Сәтбаев көшесінде орналасқан Lattea және Martins кофеханаларында қолданысқа енгізілді
Спорттық іс-шаралар
04 мая 2026
SARAISHYQ MARATHON 2026: Атырауда ауқымды жүгіру жарысы өтті

SARAISHYQ MARATHON 2026: 700-ден астам қатысушы бақ сынады

Бүгін Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының қолдауымен және RunclubAtyrau жүгіру клубының ұйымдастыруымен Махамбет ауданына қарасты Сарайшық ауылдық округінде республикалық деңгейдегі жүгіру марафоны өтті.

Іс-шараға еліміздің түрлі өңірлерінен, соның ішінде Орал, Ақтөбе, Ақтау қалаларынан келген спортшылармен қатар, өзге ұлт өкілдері де қатысып, жалпы саны 700-ден астам адам жиналды. Олардың қатарында 20-ға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар.

Қатысушылар 3, 5, 10 және 21 шақырым қашықтықтарда бақ сынады.

Марафонға облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы қатысып, спортшыларға сәттілік тілеп, жарысқа ресми түрде старт берді.

Жарыс қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар арнайы марапаттарға ие болды.

Іс-шара аясында қатысушылар мен қонақтарға көне Сарайшық қалашығының тарихы таныстырылып, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына экскурсия ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлер мен қолөнершілердің өнімдері қойылған көрме өтіп, ұлттық бұйымдар мен кітаптар көпшілік назарына ұсынылды.

Спорттық іс-шаралар
27 апреля 2026
Бокстан Кеңес Одағының бес дүркін жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Атырау облысының «Құрметті азаматы» Болат Бисенұлы Теміровті еске алуға арналған U-23 жастар арасындағы III халықаралық бокс турнирі өтті.
Бокстан Кеңес Одағының бес дүркін жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Атырау облысының «Құрметті азаматы» Болат Бисенұлы Теміровті еске алуға арналған U-23 жастар арасындағы III халықаралық бокс турнирі өтті.
 
Дәстүрге айналған бұл дода жас боксшылардың шеберлігін шыңдап, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік берді. Турнир барысында тартысты жекпе-жектер өтіп, әр салмақта үздіктер анықталды.
 
Бұл турнир өңірімізде үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Бес күнге созылатын биылғы додаға 23 командадан 250-ге жуық спортшы қатысуда. Шаршы алаңда Қазақстан боксшыларымен қатар Қырғызстан, Тәжікстан және Беларусь елдерінің былғары қолғап шеберлері бақ сынады.
 
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан жоғары деңгейде бағаланды.
Жалпы командалық есепте:
🥇 Жамбыл облысы – I орын
🥈 Астана қаласы – II орын
🥉 Алматы қаласы– III орын иеленді.
 
Турнирдің жабылу салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен қонақтарға ерекше әсер сыйлады. Болат Бисенұлы Теміровтің есімі ұлықталған бұл жарыс жас спортшыларға үлкен мотивация беріп, олардың алдағы жеңістеріне жол ашары сөзсіз.
27 апреля 2026
Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы 2026 жылдың 22-24 сәуір аралығында Астана қаласында өтіп жатқан «РЭС 2026» алаңында!

Өңірлік экологиялық саммит – 2026 жылғы климат пен экология мәселелерін талқылайтын халықаралық деңгейдегі маңызды алаң. Мұнда түрлі елдердің өкілдері, сарапшылар мен ұйымдар бірлесіп, нақты шешімдер ұсынады.

Саммитке Атырау облысының делегациясы да белсенді қатысып, экологиялық жобалар, өңірдің туристік әлеуеті таныстырылуда.

Экологиялық мәселелер шекара таңдамайды. Құрғақшылық, климаттың өзгеруі, өзендер мен экожүйелердің жай-күйі-бүкіл өңір елдеріне ортақ сын-қатер. Сондықтан бұл мәселелерді бірлесіп шешу-уақыт талабы ғана емес, болашақ алдындағы ортақ жауапкершілік.

27 апреля 2026
«Visit Atyrau» туристік ақпараттық орталығы Алматы қаласында 2026 жылдың 22-24 сәуір аралығында өтіп жатқан «KITF 2026» Қазақстан халықаралық туристік көрмесіне қатысуда

 Үш күн бойы көрме алаңында біз:

— Атырау өңірінің туристік әлеуеті туралы таныстырамыз

— өңірдің ең үздік бағыттары мен локацияларын ұсынамыз

— Атырау облысына саяхат бойынша сұрақтарыңызға жауап береміз

🤝 біздің стендке келіп, командамен танысуға шақырамыз!

 

 Павильон 10 • стенд 10–05, 22-24 сәуір 2026 жыл

27 апреля 2026
3) АТЫРАУДА АГРОТУРИЗМ БОЙЫНША ТЕГІН ОҚУ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫС!

 

Атырау облысында агротуризмді дамытуға бағытталған тегін оқу семинары 27-30 сәуір аралығында өтеді. Бұл — өз жеріңізді табысты туристік нысанға айналдыруға арналған тамаша мүмкіндік.

Семинар тақырыбы: «Қонақ үй үлгісіндегі үйлер және орналастырудың өзге түрлері арқылы агротуризмді дамыту»

Семинар барысында:

✓ Агротуризмде бизнес ашу негіздері

✓ Қонақ үй үлгісіндегі үйлерді ұйымдастыру жолдары

✓ Instagram, 2GIS, Google Maps арқылы нысанды ілгерілету

✓ Брондау жүйелерімен тиімді жұмыс

✓ Жасанды интеллектті (ChatGPT, Kaz-LLM) бизнеске қолдану

✓ Дайын кейстерді талдау және көшпелі тур

Нәтижесінде:

✓ Туризм саласында табыс табу мүмкіндігі

✓ Өз нысаныңызды дамытуға арналған нақты құралдар мен білім

Талаптар:

✓ Туризм саласына қызығушылық

✓ Жеке шаруашылық немесе жер телімінің болуы құпталады

✓ 18 жастан жоғары

Семинарды толық аяқтаған қатысушыларға сертификат беріледі.

 

ОҚУ ТЕГІН

Орын саны шектеулі — алдын ала тіркелу міндетті.

Қосымша ақпарат үшін:

+7 707 061 3030

27 апреля 2026
2) 2026 жылдың 11-12 сәуір күндері Атырау облысында өткен тарихи-танымдық экспедиция аясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы кеңінен қолдау тапты

Аталған іс-шара Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы және «Atyrau Nomads» саяхат клубымен бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді. Экспедиция барысында қатысушылар Ақкегершін борлы тауына және Иманқара үңгіріне экскурсия ұйымдастырып, кейіннен аталған аумақта санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді.

Айта кетсек, аталған экскурсияға 130 адам қатысты.

27 апреля 2026
1) Берлин қаласында әлемдегі ең ірі халықаралық туристік көрмелердің бірі — «ITB Berlin 2026» өтті. Биылғы көрме Германияның Берлин қаласында наурыздың 3-6 аралығында ұйымдастырылып, ITB Berlin-нің 60 жылдық мерейтойына орай туризм саласындағы жетекші сарапшыларды, туроператорларды, инвесторлар мен мемлекеттік құрылым өкілдерін бір алаңға жинады

Алғаш рет аталған көрмеге Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының,  «Visit Atyrau» туристік ақпараттық орталығының және «Shagala Travel» туроператорының өкілдері қатысып, облыстың туристік әлеуеті халықаралық нарықта таныстырылып, іскерлік кездесулер өткізіліп, жаңа серіктестік байланыстар орнатылды.

Осындай ауқымды шаралар Қазақстан туризмін әлемдік деңгейде ілгерілетуге, жаңа туристік бағыттарды дамытуға және еліміздің тартымды туристік имиджін қалыптастыруға зор ықпал етеді. ITB Berlin 2026 — жаңа мүмкіндіктер мен халықаралық ынтымақтастық алаңы.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы