Меню

Страницы

Статья

Ұлттық спорт

Облыс бойынша жалпы 14625 адам ұлттық спорт түрлерімен шұғылданады. Облысымызда қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, ұлттық жекпе-жек, ат спорты түрлері кеңінен насихатталуда.

Ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында спорт мектебінің бағдарламасына қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, ұлттық жекпе-жек секілді ұлттық спорт түрлері енгізіліп, жасөспірім спортшылар шынығу үстінде. Кәсіби түрде 591 спортшы шұғылданады.

Атырау облысында «Ұлттық спорт түрлері» клубы жұмыс жасайды. Клубта ат спорты түрлері, оның ішінде аламан бәйге, жорға жарыс, көкпар, қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату дамытылуда.

Бұл спорт түрлерін жаңғырту мақсатында облыста «Дарабоз» турнирін өткізу дәстүрге айналған. Былтырғы жылы бұл турнир халықаралық деңгейде өткізіліп, оны 5000-нан астам көрермен тамашалады. Еліміздің жетекші арналарынан көрсетілді.

Көкпар өңірімізде жоғары деңгейде дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. 2019 жылы тұңғыш рет «Нарын» көкпар командасы ел чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Ұлттық спорт клубы жанында жас спортшыларымыз дайындалу үстінде. Қала мен аудандарда түрлі деңгейдегі той көкпарлар өткізіліп келеді.

Құсбегілікті дамытуға арналған «Қансонар» құсбегілер сайысы да бірнеше рет ұйымдастырылды. Қазіргі таңда 24 бала үйірмелерге алынып, ел чемпионаттарында жоғары орындардан көрініп жүр.

Қазақ күресінен түрлі деңгейдегі Халықаралық турнирлер өткізіліп жүр, оның ішінде былтырғы «Дарабоз» турнирі аясында қала күніне арнап ұйымдастырылған алыптар бәсекесін ерекше айтуға болады. Ал ұлттық жекпе-жектен тұңғыш әлем чемпионаты Атырау облысында өткені баршаңызға мәлім.

Ұлттық жекпе-жекті дәріптеу мақсатында облысымызда әлемдік деңгейдегі және Қазақстан республикасының чемпионаттары ұйымдастырылып, өткізілген болатын.

Қазіргі таңда ұлттық спорт түрлерінен 26 спортшымыз Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында.

Дата публикации
15 декабря 2020
Дата обновления
15 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
24 октября 2023
"Олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғарғы спорт шеберлігі мектебі" КММ
Ақпарат
22 апреля 2021
Бұқаралық спорт

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы