Меню

Страницы

Статья

Мүгедектердің спорттық клубы

Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының “Мүгедектердің спорттық клубы» КМҚК

Қазақстан Республикасының  дене  тәрбиесі мен  спортты  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі мүгедектер арасындағы дене шынықтыру мен спортты дамыту болып табылады.

Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 3 желтоқсан №270 қаулысы негізінде Атырау облысы Дене тәрбиесі және спорт басқармасының «Мүгедектердің спорттық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды.

2011 жылдың 1 кыркүйегінде Республика бойынша тұңғыш рет Атырауда мүгедек спортшыларының алаңсыз дайындалуы үшін «Балықшы» спорт кешені берілді. Бүгінгі таңда клубтың спортшылары спорттың 16 түрімен (мылтық ату, үстел теннисі, пауэрлифтинг, отырып ойнау волейболы, грек-рим күресі, жеңіл атлетика, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, жүзу спорты, дзюдо, кіші аяқ доп, армрестлинг, еркін күрес, таеквондо және голбол) шұғылданады.

            Облыс бойынша клуб тізімінде 356 мүмкіндігі шектеулі жан тіркелген, оның ішінде 189 тірек-қозғалыс жүйелері бұзылған, 104 көру мүшелері зақымданған және 63 есту қабілеті төмен спортшылар болып табылады. Облыстың 7 ауданында 153: Қызылқоға (17), Махамбет (31), Құрманғазы (25), Жылыой (27), Индер (21), Мақат (30), Исатай (2)  спортшы, қалған 191 спортшы Атырау қаласында.

         Клубта 25 – Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 38 – спорт шебері, 60 – спорт шеберлігіне үміткер,  2 – еңбегі сіңген жаттықтырушы, 9 – жоғары санатты жаттықтырушы және 1 – бірінші санаттағы жаттықтырушы бар. 56 – спортшы Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама команда сапында тіркелген.

            Материалдық-техникалық жағынан кәсіпорын толығымен жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі спортшыларды тасымалдауға арналған 5 шағын автобус бар. Спортшылардың спортпен шұғылдануына мүмкіндік толығымен жасалған.

         Байланыс телефоны: 87122515621

Дата публикации
28 октября 2020
Дата обновления
28 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
24 октября 2023
"Олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғарғы спорт шеберлігі мектебі" КММ
Ақпарат
22 апреля 2021
Бұқаралық спорт

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы