Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме Сұлтан Бейбарыс даңғылы 35 мекен-жайында орналасқан.
Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебі» 2021 жылы 27 тамызда құрылды. Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының 2021 жылғы 25 тамыздағы №199 бұйрығымен қаңтар айынан бастап ашылды.
Мектеп директоры- Юсупов Данияр Сайлыбаевич
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары-Шпанов Конысбай Адиевич.
ОЕСТЖСШМ-нің негізгі мақсаты:
Мектебіміздің спортшыларын жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізуге және бағытталған олипиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен жыл бойы оқу-жаттығу және жарыстарға, спорттық-әдістемелік қызметін жүзеге асыру, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының негізгі құрамына спортшыларды іріктеп дайындау болып табылады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасына енгізу және әлем чемпионаты жеңімпазы мен жүлдегерлерін шығару.
Мектепте спорттың 17 түрлі бөлімі бар. Облыс бойынша біліктілігі ең жоғары жаттықтырушылар қызмет атқарады.
- Кикбоксинг бөлімі – 3 жаттықтырушы
- WKF Каратэ бөлімі-1 жаттықтырушы
- Белбеу күрес бөлімі-1 жаттықтырушы
- Джиу-джитсу бөлімі - 1 жаттықтырушы
- Панкратион бөлімі -1 жаттықтырушы
- UWW Грэпплинг бөлімі - 1 жаттықтырушы
- Каратэ шинкиокушинкай бөлімі- 1 жаттықтырушы
- Каратэ киокушинкай-кан бөлімі- 1 жаттықтырушы
- Жауынгерлік самбо болімі-1 жаттықтырушы
- Самбо бөлімі-2 жаттықтырушы
- ММА бөлімі-2 жаттықтырушы
- Пенчак Силат бөлімі-1 жаттықтырушы
- Муай Тай бөлімі-1 жаттықтырушы
- Қазақ күресі бөлімі-2 жаттықтырушы
- НОМАД ММА-1 жаттықтырушы
- Қоян-қолтық ұрысы-1 жаттықтырушы
- ГТФ Таеквон-до-1 жаттықтырушы
17 спорт түрі бойынша 22 жаттықтырушы жұмыс жасайды,
3 жаттықтырушы- Қазақстан Республикасына еңбегі сіңірген жаттықтырушы;
Мекемеде 205 спортшы бар. Оның ішінде 196 спортшы негізгі құрамда,9 ауыспалы құрамда жаттығу жасайды.