2020 жылғы 1 тамыздағы қаржылық есеп

Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы бойынша облыстық бюджеттен 2020 жылға 5 705 691,0 мың теңге қаржы бөлінген, оның ішінде:

285 001015 - «Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 60 796,0 мың теңге бөлініп, 32 431,0 мың теңге игерілген;

285 002015 «Облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізу» бағдарламасына – 309 722,0 мың теңге бөлініп, 15 383,81 мың теңге игерілген;

285 003015 - «Спорт түрлері бойынша облыстық құрама команда мүшелерін республикалық және халықаралық жарыстарға дайындау және қатыстыру» бағдарламасы бойынша 4 665 394,0 мың теңге бөлініп, 2 411 859,0 мың теңге игерілген;

285 006 000 – «Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру» бағдарламасы 388 973,0 мың теңге бөлініп, 230 798,5 мың теңге игерілген;

285 088 005 – «Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге кредит беру жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру» бағдарламасы бойынша 45 381,0 мың теңге бөлініп, 5 000,0 мың теңге игерілген;

285 113 000 - «Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасының:

011 - «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 60 000,0 мың теңге бөлініп, 18 000,0 мың теңге игерілген;

015 - «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 175 425,0 мың теңге бөлініп, 165 000,0 мың теңге игерілген.

Дата публикации
18 августа 2020