«Жоғары спорт шеберлігі мектебі» КМҚК директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары бос лауазымына конкурс

Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары бос лауазымына (1 бірлік) орналасуға конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның мекен-жайы:  Атырау қаласы

Қызмет түрі: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: жоғары, спорттық, спорт саласындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, немесе ұйымның бейініне сай ұйымдарда басшылық лауазымда жұмыс өтілінің кемінде 3 жыл болуы. Конкурсқа қатысушылар ҚР  «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңын және  басқада  қажетті заңнамалық актілерді білуі қажет.

Конкурсқа тапсыруға қажетті құжаттар:Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4)лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.

7) сотталған немесе сотталмаған туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

           Қажетті құжаттар жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына  мекен-жайға тапсырылуы тиіс:

«Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы Баймұқанов көшесі, 16 «б» 4 қабат, байланыс телефоны: 8/7122/50-60-92, 50-19-76, 87789954494. Эл./почта: zh.bozaeva@atyrau.gov.kz . 320522@bk.ru

Дата публикации
08 октября 2024