«Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры бос лауазымына конкурс

«Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  директоры  бос лауазымына конкурс жариялайды.                  

                 Мекеменің мекен-жайы: Атырау облысы, Махамбет ауданы, Өтешқали Есмагамбетов көшесі, 1

                 Қызмет түрі: Мекеменің басшылық қызметін атқару, спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

                 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  біліктілік талаптар:

        Білімі: жоғарғы (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), «Педагогика», «Құқық», «Бизнес», «Басқару», «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтарының біреуі болуы тиіс.

      Еңбек өтілі:спорт саласындағы еңбек өтілі, оның ішінде басшылық лауазымдағы өтілі кемінде 5 жыл  болуы тиіс.

      Конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасының Конституциясын,  Еңбек Кодексін, Әкімшілік рәсімдік процесуіалды кодексін, Кәсіпкерлік кодексін, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,  «Мемлекеттік тіл туралы», «Білім туралы», Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын,  басқада лауазымына байланысты заңнамаларды білуге тиіс.

Конкурсқа тапсыруға қажетті құжаттар:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:

            1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

            2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

            3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

            4)лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

            5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

            6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама 

            7) құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама  ұсынады. 
            Қажетті құжаттар жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына  мекен-жайға тапсырылуы тиіс:

            «Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы Баймұқанов көшесі, 16 «б» 4 қабат, байланыс телефоны: 8(7122) 50-60-92. 87789954494.

 

Дата публикации
23 августа 2024