«Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының «Visit Аtyrau» туристік ақпарат орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.
Мекеменің мекен-жайы: Атырау облысы, Атырау қаласы, М.Баймұқанов көшесі 16 «Б.»
Қызмет түрі: Атырау облысы және туристік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыру және тарату, туристік өнімді халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде ұсыну, сондай-ақ, қала, аумағында туристік қызмет саласында жаңа кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға жағдай жасау, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар:
Білімі: жоғарғы: (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), «құқық» «туризм», «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарының біреуі болуы тиіс.
Еңбек өтілі: білімі және мамандығы бойынша 3-5 жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе мемлекеттік органдар ме ұйымдарда басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс.
Конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасының Конституциясын, Еңбек Кодексін, Әкімшілік рәсімдік процестік кодексі, Кәсіпкерлік кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік тіл туралы», «Білім туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдары, Қазақстан Республикасының басқа да сала бойынша құқықтық-нормативтік актілері.
Конкурсқа тапсыруға қажетті құжаттар:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4)лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама
7) құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
Қажетті құжаттар жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс:
«Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы Баймұқанов көшесі, 16 «б» 4 қабат, байланыс телефоны: 8(7122) 50-60-92. 87789954494.