Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары бос лауазымына (1 бірлік) орналасуға конкурс жариялайды.
Кәсіпорынның мекен-жайы: Атырау қаласы, М.Әуезова көшесі 28 А, «Мұнайшы» спорт кешені.
Қызмет түрі: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқару.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: жоғары, спорттық, спорт саласындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, немесе ұйымның бейініне сай ұйымдарда басшылық лауазымда жұмыс өтілінің кемінде 3 жыл болуы.
Конкурсқа қатысушылар ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңын және басқада қажетті заңнамалық актілерді білуі қажет.