СПОРТ
Облыста 2021 жылы -1176 ғимарат болса, биыл 7 спорттық кешен, 9 спортзал, 2 бассейн және 18 алаң іске қосылып, спорттық имараттар саны 1212 -ні құрады.
*Индер ауданы Жарсуат ауылынан, Жылыой ауданының Құлсары қаласынан, Мақат ауданының Мақат кентінен, Махамбет ауданының Махамбет ауыланан және Атырау қаласынан жекеменшік Ахмад Арена, Имидж және Каспий спорт кешендері.
Спорт мектептерінде шұғылданушы балалар мен жасөспірімдер саны былтырғымен салыстырғанда 1629-ға көбейіп, 15550 балалар мен жасөспірімдер жүйелі түрде спортпен тегін шұғылдануда. Олимпиадалық спорт түрлерін дамыту мақсатында керлинг пен триатлон бөлімшесі ашылды, онымен қоса олимпиадалық емес спорт түрі пенчак-силаттан бөлімше жұмысын бастады. Спорт мектептерінде жаттықтырушылар саны 485-ті құрап, былтырғымен (2020 жылы -453) салыстырғанда 32-ге көбейіп отыр.
Биылғы жылы Индер және Қызылқоға аудандарынан балалар - жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубтары ашылды. Нәтижесінде облыстың барлық ауданы клубтармен қамтылды. Оларда жаттығушылар саны 2021 жылы - 6498 болса, биылғы жылы 814-ке көбейіп, 7312-ді құрады.
Олимпиадалық спорт түрлерінен Жоғары спорт шеберлігі мектебінде 93 спортшы (2021 жылы-71), олимпиадалық емес спорт түрлерінен Жоғары спорт шеберлігі мектебінде 184 спортшы (2021 жылы-154) тіркеліп, жаттығуда.
Болашағынан үміт күттіретін 429 (2021 жылы - 329) спортшы Олимпиадалық резервті даярлау Орталығында бөлек бапталуда. Олимпиадалық 11 спорт түрінен бөлімшелер жұмыс жасайды.
*Бөлімшелер: таеквондо, грек-рим күресі, еркін күрес, ауыр атлетика, дзюдо, бокс, карате-до, су добы, көркем гимнастика, ескек есу спорты, жүзу.
Спорттық клубтарда шұғылданушылар саны 633-ке көбейіп, 4276-ны құрады. Былтырғымен салыстырғанда волейболда 117, баскетболда 30,су спорт түрлерінде 496 бала қосымша секцияларға алынды.
Спорттық секцияларды жан басына шаққанда нормативтік қаржыландыруды мемлекеттік тапсырыс арқылы жүзеге асыру бойынша 7636 бала секцияларға тартылды.
Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын 663 жаттықтырушы жүзеге асыруда. Былтырғыға қарағанда жаттықтырушылар саны 60-қа артып отыр. Биылғы жылы дене шынықтыру және спорт мамандағы бойынша Атырау облысының 40 гранды бөлінді.
Спортпен тұрақты түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту 40,2 пайызды құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда өсім деңгейі 4 пайыз немесе 36288 адамға өскен.
Олимпиадалық спорт түрлері бойынша 15753, олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 14902-ға өсіп, мүгедектер спорты бойынша 12 адамға көбейді, ұлттық спорт бойынша 5616 адамға өсті.
«Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын - 6 спортшы, «Қазақстан Республикасына спорт шебері» атағын - 57 спортшы, «Спорт шеберлігіне үміткер» атағын -256 спортшы иеленді.