2021 жылы спортты дамыту мақсатында атқарылған жұмыстар туралы

2021 жылы облыста дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық-бұқаралық шараларды өткізу, жоғары жетістіктер спортын, олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерін, дамыту  мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Облыста спорт инфрақұрылымын дамыту жалғастырылды.

Спорттық имараттар саны 48 бірлікке көбейді, оның ішінде: 5 спорттық кешен, 11 спорттық залдар және 32 жазықтықтағы құрылғы жаңадан іске қосылып, 1176-ны құрады.

Облыста дене шынықтыру мамандарының саны артып, дене шынықтыру ұжымдарының саны көбеюде.

Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын 603 жаттықтырушы жүзеге асыруда. Былтырғыға қарағанда жаттықтырушылар саны 53-ке артып отыр. Олардың 419-ы жоғары білімді.

Облыстағы спорттық-материалдық базаның нығаюы облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санының өсуіне оң әсерін тигізді. Облыс бойынша дене тәрбиесі мен спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны артып, жалпы облыс халқының 36,2 пайызын, яғни, 240 960 адамды құрады. (2020 жылы-221 215 адам)

2021 жылғы 1 қазанға халық саны-655 287.

Облыстағы барлық мектептерде кешкі уақытта және сенбі, жексенбі күндері тұрғындарға қоғамдық негізде тегін спортпен айналысуына жағдай жасалған.

          Балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мақсатында жалпы облыс бойынша 17 балалар жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды. Оның ішінде 5-еуі қалада, 12-і ауылда.

          Спорт мектептерінде спорттың 27 түрі дамытылуда.

Дата публикации
19 января 2022