Атырау облысы бойынша 2020 жылы дене тәрбиесі мен спортты дамыту мақсатында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
2020 жылы облыста дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық-бұқаралық шараларды өткізу, жоғары жетістіктер спортын, олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерін, дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Облыста спорт инфрақұрылымын дамыту жалғастырылды.
Спорттық имараттар саны 27 бірлікке көбейді, оның ішінде: 2 спорттық кешен, 12 спорттық залдар және 11 жазықтықтағы құрылғы және 2 бассейн іске қосылып, спорттық имараттар саны 1128 бірлікті құрады.
Облыста дене шынықтыру мамандарының саны артып, дене шынықтыру ұжымдарының саны көбеюде.
Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын 550 жаттықтырушы жүзеге асыруда. Былтырғыға қарағанда жаттықтырушылар саны 46-ға артып отыр. Олардың 358-і жоғары білімді.
Облыстағы спорттық-материалдық базаның нығаюы облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санының өсуіне оң әсерін тигізді. Облыс бойынша дене тәрбиесі мен спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны артып, жалпы облыс халқының 33,8 пайызын, яғни, 221 215 адамды құрады. (2019 жылы-215 492 адам)
2020 жылғы 1 қазанға халық саны-653 723.
Облыстағы барлық мектептерде кешкі уақытта және сенбі, жексенбі күндері тұрғындарға қоғамдық негізде тегін спортпен айналысуына жағдай жасалған.
Балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мақсатында жалпы облыс бойынша 17 балалар жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды. Оның ішінде 5-еуі қалада, 12-і ауылда.
Спорт мектептерінде спорттың 26 түрі дамытылуда.
*Секциялар: ММА, велоспорт, жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, гандбол, футбол, хоккей, шахмат, тоғызқұмалақ, дзюдо, самбо, қазақ күресі, еркін күрес, грек-рим күресі, белбеу күресі, карате-до, карате-кекушинкай, джиу-джитсу, таеквондо, бокс, кикбокс, ауыр атлетика, стенд ату, байдарка және каноэдан ескек есу)
Спорт мектептерінде жаттықтырушылар саны 417-ні құрап, былтырғымен (2019 жылы -411) салыстырғанда 6-ға көбейіп отыр.