
Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Бокстан облыстық мамандандырылған спорттық клубы» КМҚК Атырау қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 2 мекен-жайында орналасқан.
«Бокстан облыстық мамандандырылған спорттық клубы» КМҚК 2015 жылы 25 кыркүйекте Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Бокстан облыстық мамандандырылған спорттық клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атауын өзгерту арқылы құрылды.
Кәсіпорын директоры – Чунышкалиев Асылбек Урынгалиевич.
Директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары – Кушалиев Бекежан Нуроллаевич.
Кәсіпорынның қызметінің мәні: Атырау облысында спорттың бокс түрін дамыту қызметін жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорынның қызметінің мақсаты:
Кәсіпорында 215 – спортшы жаттығады.
Шұғылданушылар ішінен: 2 спортшы – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 12-і – ҚР спорт шебері және 90 спортшы – ҚР спорт шеберіне үміткер болып табылады.
Оқу-жаттығу процесін 9 - жаттықтырушы, 2 - спорт нұсқаушы жүргізеді. Кәсіпорында 6- жаттықтырушы және 20 – спортшы келісім шарт бойынша жұмыс жасайды.
Бокстан облыстық мамандандырылған спорттық клубы» КМҚК Атырау қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 2 мекен-жайында орналасқан спорт залын жалға беру бойынша ақылы қызмет көрсетеді.