
Атырау облысының № 18 әкімшілік шешімімен 2004 жылдың 26 ақпан айында «Атырау облысының Туризм және спорт басқармасының Олимпиадалық дайындау орталығы» құрылды. Атырау облысының әкімшілігінің 2005 жылғы 15 ақпан айындағы № 62 «Мемлекеттік мекемелерде қайта ұйымдастыру және атауын өзгерту туралы» қаулысы бойынша «Атырау облыстық Туризм және спорт басқармасының Олмипиадалық резервін дайындау орталығы» мемлекеттік мекемесі «Атырау облысы Олимпиадалық резервін дайындау орталығы» деген атаумен мемлекеттік мекеме болып өзгертілді.
Атырау қаласы, Нұрсая мөлтек ауданы, 28 А құрылыс мекен жайда, 1,0059 га учаске жерде орналасқан (кадастрлық № 04-066-002-2280), жалпы ауданы 3119 шаршы метр құрайтын спорттық-сауықтыру кешені, ауданы 49,8 шаршы метр құрайтын жылыту қазаны Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының Олимпиадалық резерв дайындау Орталығы теңгеріміне 2018 жылдың наурыз айында қабылданған.
Ғимаратта жалпы ауданы 850 шаршы метрдей бір үлкен ойын, бес жекпе-жек күрестерге арналған залдары бар, ал аумағында шағын футбол, баскетбол және жағажай волейболға арналған үш ашық алаңдар орналасқан.
Орталықтың негізгі мақсаты:
Халықаралық дәрежеге жететін қабілетті спортшыны жыл бойына дайындау, Олимпиадалық ойынға қатыстыру, Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық командасына спортшыларды дайындап, құрамына енгізу. Орталықта он спорт түрінен спортшы жастарды ҚР чемпионы, Азия, Әлем ойындарының Чемпионы болуға, өзіндік шеберліктерін арттыруға дайындап дәнекер болып отыр. Жылына 2 рет ОРДО-ның спортшылар құрамдық тізімін сараптап Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы келісімде бекітеді.
Орталық директоры- Коспанов Дастанбек Кайржанович
Директордың орынбасары- Шыныбеков Саламат Амандыкович
Орталықта 10 спорт түрі: таеквондо, грек-рим, еркін күрес, ауыр атлетика, дзюдо, каратэ-до, су-добы, ескек есу, көркем гимнастика, бокс.
Ауыспалы құрамда- 180 спортшы шұғылданады.
Оның ішінде: таеквондо-24, грек-рим-26, еркін күрес-18, ауыр атлетика-7, дзюдо-48, каратэ-до-6, су-добы-17, ескек есу-8, көркем гимнастика-14, бокс-12.
Шұғылданушылар ішінен: 1 спортшы- ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 16-і- ҚР спорт шебері және 163- ҚР спорт шеберіне үміткер болып табылады.
Байланыс деректері:
Тел.: 8 712 249 24 62
e-mail: tspor_atyrau@mail.ru