Бекітемін:
Атырау облысы Жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы
____________________ А.Мамбетов
«____»___________________ 2024ж.
2024 жылы сатып алатын қызметтердің техникалық сипаттамасы
Қызметтік атауы: 2024-2026 жылдарға Атырау облысының еңбек нарығына қажетті мамандардың сұранысына талдау жұмыстарын жүргізу
Жобаның мақсаты: Атырау қаласы мен аудандар бойынша Атырау облысының 2024-2026 жылдарға нақты мамандар қажеттілігін барлық өңдірістік салалар бөлінісінде (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл, орман және балық шаруашылығы, көлік және қоймалау, көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу, тұру және тамақтану бойынша қызметтер, ақпарат және байланыс, қаржы және сақтандыру қызметі, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет, мемлекеттік басқару және қорғаныс, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, мәдениет, спорт, өзге де қызметтер түрлерін ұсыну, үй қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін үй шаруашылықтары қызметі және басқа салалар бөлінісінде) мамандықтар бойынша анықтау, жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарының санын нақтылау, алға қарай сол бос жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру.
Жобаның міндеті: Атырау қаласы мен барлық аудандар бойынша облыстағы жұмыс берушілердің мамандар қажеттілігін анықтау.
Жоба субъектілері: Атырау қаласы, Жылыой, Индер, Исатай, Кұрманғазы, Қызылқоға, Мақат, Махамбет аудандары аумағында жұмыс жасайтын барлық мемлекеттік, жеке мекемелер және меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілер (мемлекеттік, өндірістік мекемелер, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары және т.с.с.).
Жобаны жоспарлау шарасы:
- облыстағы жұмыс берушілердің арасында меншік нысанына қарамастан қажетті мамандардың сұранысы бойынша социологиялық зерделеу (сауалнама) жүргізу – 4 500 жұмыс беруші (мемлекеттік, өндірістік мекемелер, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары және т.с.с.);
- таратпа материалдарын әзірлеу, алдын-ала мемлекеттік сатып алу конкурсы қорытындысымен анықталған жеңімпазбен бес жұмыс күні ішінде Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты жұмыспен қамту және көші-қөн бөлімінің жауапты мамандарымен келісіліп – 2 000-нан кем емес бірлікте;
- ұсынылған нысандарда (соның ішінде Атырау қаласы мен әр аудандағы жұмыс берушілер бойынша мамандықтар, өндіріс саласы бойынша: өнеркәсіп, құрылыс, ауыл, орман және балық шаруашылығы, көлік және қоймалау, көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу, тұру және тамақтану бойынша қызметтер, ақпарат және байланыс, қаржы және сақтандыру қызметі, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет, мемлекеттік басқару және қорғаныс, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, мәдениет, спорт, өзге де қызметтер түрлерін ұсыну, үй қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін үй шаруашылықтары қызметі және басқа салалар бөлінісінде) адам саны, әр жыл бойынша бөлек-бөлек (2024, 2025 және 2026 жылдары) қажетті мамандардың сұранысы бойынша мәліметтерді ұсыну;
- Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі, әлеуметтік қолдау шараларының негізгі бағыттары бойынша, ҚР Еңбек Кодексінің және еңбек заңнамаларының талаптары бойынша ақпараттандыру - 4 500 жұмыс беруші берушілер (мемлекеттік, өндірістік мекемелер, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары және т.с.с.);
- сауалнама жүргізілетін жұмыс берушілер арасында Ашық есік күнін ұйымдастыру – 25 шарадан кем емес және дәлелдеу құжаттарымен растап (хаттамалары, ақпараттар, бейнежазба, фотолары мен басқа құжаттары);
- ваканттық жұмыс орындары бойынша жұмыссыз азаматтар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастыру - 3 шарадан кем емес және дәлелдеу құжаттарымен растап (ақпараттар, фотолары, бейнежазба мен басқа құжаттары (есептері);
- жасалып жатқан жұмыстары туралы және жұмыс нәтижелері жөнінде ақпараттарды фейсбук, инстаграмм әлеуметтік желілерде жариялау (қорытындылау нәтижесі бойынша – 30 мақаладан кем емес);
- жүргізілген ақпараттық-түсіндіру және талдау жұмыстарының нәтижесінде аналитикалық анықтаманы, ұсынылған нысандарда мәліметтерді, кестелерді (сауалнамаларды) ұсыну;
-әр 30 күн сайын атқарылған жұмыстарына есеп беру.
Жобаны жүзеге асыру мерзімі: Қазынашылық департаментінде келісім-шарттың тіркелгеннен кейін 4 ай ішінде;
Жобаны ұсынатын үкіметтік емес ұйым келесі мінездемелерге сай болуы тиіс:
Қаржылай есептелік:
- Жұмыс беруші толтырылған мәліметтерді (сауалнамаларды) мекеме басшысының қолымен және мөрмен растап, сауалнама жөнінде пікірімен расталуы қажет;
- Тапсырыс берушіге жүзеге асырылған жұмыстары туралы аналитикалық есеп ұсынылған нысандар бойынша соңғы айдың 30-на дейін ұсыну қажет;
- Қорытынды есепті жобаны орындау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге қағаз және электрондық форматта берілуі тиіс.
Нәтиже қорытындысы:
- 2024-2026 жылдарға Атырау облысының еңбек нарығына қажетті мамандардың сұранысына талдау жұмыстарының жүргізілуі жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарының санын нақтылауға және алға қарай сол бос жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді.
Жұмыспен қамту және көші-қөн
бөлімінің басшысы Г.Аманғалиева