QazNetEtiquette Қазақстанда этносаралық өшпенділік тілін жеңуге арналған ЭТИКА КОДЕКСІ

Өшпенділік тілі – нақты бір адамға емес, ортақ
белгілері бар адамдар тобына қарата айтылған
өшпенді ой-пікір, көзқарас, мәлімдеме. Ол сөз, кес-
кін немесе басқа да контент түрінде болуы мүмкін.
Өшпенділік тілі қандай да бір топтың дініне, ұлтына,
азаматтығына, тұрғылықты жеріне, өзгеше көзқара-
сына және тағы басқа белгілеріне қатысты болады.
Ең жиі кездесетіні – этникалық (ұлттық) белгілерге
байланысты өшпенділік тілі.


Өшпенділікті, араздықты әртүрлі тәсілмен көрсету-
ге болады. Сондықтан да тұтастай бір ұлтты қорлай-
тын әзіл-қалжыңнан бастап, қырып-жоюға, өлтіруге
шақыратын, үгіттейтін сөздерге дейін өшпенділік
тіліне жатады.

Кез келген адам агрессор да, құрбан да болуы
мүмкін. Өшпенділік тілі вирус секілді тез тарайды,
жұғады. Онымен қоймай, өшпенділік тіліне өшпен-
ділікпен жауап беріледі.


Өшпенділік тілінің соңы қантөгіспен аяқталуы мүм-
кін. Желіде сыйластықты, әдепті қалыптастырсақ,
барынша мейірімді әрі өркенитетті қоғам құруға аз
да болса үлес қоса аламыз.

Есіңізде болсын, сөз бостандығы – өте маңыз-
ды. Дегенмен ол абсолют ұғым емес және оның
шегі бар. Өзгелердің өміріне, денсаулығына,
құқығына қауіп төндірсе, сөз бостандығына
шектеу қойылады.

МАҢЫЗДЫ:

Тұтас этникалық топ туралы сыр-
тынан тон пішу дұрыс емес. Ренжіт-
кен адамға тікелей жауап беруге, тіпті
ұрсуға да болады. Бірақ сізді ренжіт-
кен адамның ұлтына тиіспеңіз.

Не жазсаңыз да қайталап оқып,
нақты нысаныңызға қарата айтып
жатқаныңызға көз жеткізіңіз. Сіздің
шамыңызға тиген бір ұлттың барлық
өкілі емес, нақты адам(дар) немесе
ұйым екенін ұмытпаңыз. Қыр көрсе-
темін деп ренжіткен адамның ұлтынан
шыққан басқа да адамдарға тіл тигізу-
ге болмайды.


Ешқашан «олардың барлығына»
қандай да бір күш көрсету керек
деп айтпаңыз. «Барлығын елден
қуып жіберу керек» демеңіз не-
месе басқалармен салыстырғанда
құқықтарын шектеп, қысым жасау-
ға үгіттемеңіз. Сонымен қатар зор-
лық-зомбылыққа және дискримина-
цияға тікелей үндеу мен қатар, «өздері
кінәлі», «өздеріне сол керек», «шаңы-
раққа қарап жүру керек еді» деп
тұспалдап сөйлемеген жөн

Бизнесте, үкіметте, шоу-бизнесте,
қалада және тағы да басқа жерлер-
де нақты бір этнос өкілдері «қаптап
кетті» деп айтпаңыз. Егер нақты бір
мәселені, тіпті қауіпті көрсеңіз, онда
дәл сол оқиға туралы жазыңыз, ай-
тыңыз. Бірақ бірден ұлтын табалап, эт-
носқа қатысты сөз қозғамаңыз.

Қандай да бір этностың кемшілігі
немесе артықшылығы туралы жаз-
баңыз. Бес саусақ бірдей емес. Жеке
адамға қатысты көзқарасыңызды тұтас
ұлтқа таңуға болмайды.


Тұтас бір халық туралы «олар қыл-
мыс жасауға бейім», «озбыр»,
«басқыншы» немесе «ата жауымыз»
деп айтуға болмайды.


Әлдебір этносты «қоғамды бұзып
отыр», «іштен ірітіп отыр», «қоғам-
ның тұтастығын бұзып отыр» деп
кінәламаңыз. Егер мәселе көтеретін-
дей жағдай болса, бірден тұтас этносқа
қаһарыңызды төкпей, нақты жағдайға
қатысты айтыңыз.

Қылмыстық кодексте алауыздықты
қоздыру туралы бап бар екенін ұмыт-
паңыз. Этносаралық алауыздықты
қоздыру да осыған кіреді. Әрине, кез
келген өшпенділік тілі – қылмыстық
құқықбұзушылық емес. Бірақ барлық
жағдайда өшпенділік тілі біреу дің ша-
мына тиеді, қордалана берсе, ашу-ыза
бұрқ етіп сыртқа шығады және соңы
қақтығыспен аяқталады.


Өзгелердің ұлты туралы жазғанда,
сөйлегенде сөздер мен сөз тіркес-
теріне абай болыңыз. Сөзіңіз этносты
жақтырмайтыныңызды, оларды жек
көретініңізді көрсетуі мүмкін, тіпті он-
дай этностың бар екенін жоққа шыға-
руы да ғажап емес.


Жазғаныңызды балалар да оқуы
мүмкін екенін естен шығармаңыз.
Олардың санасында әлдебір этнос ту-
ралы әділетсіз, дәйексіз, өшпенді яки
жағымсыз ой қалыптасып, оны өз ор-
тасында таратуы мүмкін.

ӨЗЕКТІ:

Қазақстан Республикасы Қылмыс-
тық кодексiнің 174-бабы бойынша,
«Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiл-
дiк, тектік-топтық немесе дiни ала-
уыздықты қоздыруға, азаматтардың
ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасие-
тiн не дiни сенімiн қорлауға бағыт-
талған қасақана әрекеттер, сол си-
яқты азаматтардың дiнге көзқарасы,
тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе
нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бо-
йынша олардың айрықшалығын,
артықшылығын не толыққанды
еместігін насихаттау» жазаланады.
Жаза – айыппұл, бас бостандығын
шектеу не бас бостандығынан айыру
түрінде тағайындалуы мүмкін.

Жоғарыда аталған әрекеттер әлеуметтік желілерде
жасалса да қылмыс болып саналады!

Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық
туралы» кодексінің 453-бабында нәсiлдiк және ұлт
араздығын қоздыруға бағытталған мәлiметтер мен ма-
териалдар қамтылған бұқаралық ақпарат құралдары
өнiмiн тарату заңмен қудаланатыны көрсетілген. Егер
әрекетте қылмыс белгілері болмаса, әкімшілік жаза тағайындалады.

Жобаны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Конрад Аденауэр атын-
дағы Қордың Қазақстандағы Өкілдігінің қаржылық қолдауымен әрі ҚР Ақпарат
және қоғамдық даму министрлігімен серіктестікте жүзеге асырды.

Дата публикации
17 июля 2025