«Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасында және ведомстволық бағынысты мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
20 маусым 2025 жыл Атырау қаласы
Талданатын объект: «Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасы аталған мәселеге байланысты орындалысын жолдайды.
Басқарма басшысының 2025 жылғы 25 сәуірдегі No104/01-2 бұйрығы негізінде «Атырау облысы Жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін келесі құрамда жұмыс тобы құрылды.
-Атырау облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы П.Хасанов;
- басқарма басшысының орынбасары А.Төлеғариева;
- басқарма басшысының орынбасары Т. Байдошев;
- басқарма басшысының орынбасары Е.Абилхасимов;
- басқарманың бас маман-заңгері Н.Мауытқали.
Талданатын кезең: 2024 жылғы 1 қыркүйегінен - 2025 жылғы 30 сәуір.
Талдау жүргізу кезеңі: 2025 жылғы 1-31 мамыр аралығында.