Наурыз мерекесіне арналған «Төрлет, әз Наурыз» тақырыбында мерекелік саздық бағдарлама өтті.
Наурыз мерекесін атап өту мақсатында №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қызмет алушыларға жаздық көгал ойын алаңында «Төрлет, әз Наурыз» мерекесі көптің көңілінде сақталатындай аталып өтті.
Айтулы шарада мекеме басшысы Г.Зинеденова Наурыз мерекесімен қызмет алушылар мен қызметкерлерді құттықтады. Мерекелік шараға аудан өнерпазы мен мекеме қызметкерлері ән шашуларын шашса, қызмет алушылар С.Дүйсәлі, С.Верушкина, М.Дүйсен, А.Құттымұратова, А. Абносов пен Т.Мелюхина қазақша әндерін тарту етті. Алаңда қызметкерлердің дайындаған наурыз көжесімен бауырсағы таратылды. Атадан балаға мирас болған қазақтың ұлттық ойындары арқан тарту, аударыспақ, 16 кг гир тас көтеру спорттық ойындарымен жалғасын тауып, ойын тартысты өтті.Наурыз мерекесі өз дәрежесінде қызықты өтті.