№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мекемесінде 1- наурыз Алғыс айту күніне орай дене шынықтыру маманының ұйымдастыруымен қызмет алушылар арасында дойбыдан жарыс өтті.
Спорттық жарыстың мақсаты адамды жылдам ойлауға, шешім қабылдауға және қадам жасауға. Ойын логикасы арқылы зейінділікті дамыту. Дойбы ойыны - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқаруымен анықталатын ойын.
Орталықтағы қызмет алушылар дойбы ойына қызығушылық танытып,белсенді қатысты.
«Тапқыр болсаң озып көр» жарысында ерлер арасында:
Бимағанов Р 1-орын
Тащанов А 2-орын
Измайлов Ринат 3-орын иеленсе,
Әйелдер арасында:
Верушкина С 1-орын
Мүсірепова А 2-орын
Ли Лидия 3-орынды иеленіп, марапатталды.
Жарысқа қатысқан қызмет алушылар бір-біріне алғыстарын білдірді.