1-Наурыз «Алғыс айту күні» мерекесіне арналған «Алғысым шексіз!» тақырыбымен мерекелік саздық бағдарлама өтті.
Көктемнің алғашқы күнінде Алғыс айту мерекесін атап өту мақсатында №1 орталықтан зейнеткерлікке шыққан бір топ ардагерлеріміз мерекелік шараға шақырылды.
Саздық бағдарлама Сарайшық ауылдық мәдениет үйінде ұйымдастырылды.
Ардагерлеріміз орталықтың өнерпаз қызмет алушылардың өнерлерін тамашалап, өздерінің естеліктерімен бөлісіп, жүрек жарды тілектерін жеткізді.
Шараға келген ардагерлерге кәсіподақтың сый – сияпаты ұсынылды