«№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1-наурыз Алғыс айту күніне арналған «Әрбір күн-мереке!» әсерлі шара өтті.

 Шара кофе-брейк түрінде ұйымдастырылып,  кафеге қызмет алушылар мен қызметкерлер шақырылды.                                             

Кафеде ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселесі талқыланып, қатысушылар ана туралы әсерлі бейнероликті тамашалап, көз жастарына ерік беріп толғаныстарын жеткізді.

«Ең әдемі көз!» бөлімінде қатысушылардың өз балаларымен, достарының жасырылған көздерін тауып, аналарына достарына  деген жолдаған алғыс тілектерін оқып аналық жүректері тебіренді.

Ананың алғысы, разылығы мен батасы балаға қанат бітіріп,  сеніммен нық бастырады деп қорытындыланды.                     

Шараға қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді.

Дата публикации
02 марта 2023