9- ақпан ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай орталық психолог мамандапрының ұйымдастыруымен мамандармен қызмет алушылар арасында «Жырлайды жүрек!» әдеби кеш өткізілді.
Кеште ақынның өлеңдерін оқумен қатар оның өлеңдеріне жазылған тамаша әндері тыңдалды. Ақын туралы видеосюжеттер ұсынылды.
Ақиық ақының өлеңдерін қызмет алушылар Т.Оспанова, Қ.Қабдолова, А.Абносовтар тебірене жырлады. «Сен көріктісің» әнімен қызмет алушы Дүйсәлі Саламат кештің көркін аша түсті.
Кешке қатысушылар ақын М.Мақатаев туралы естеліктерімен бөлісіп, жырларына деген сүйіспеншілік сезімдерін танытты.