Ашық есік күні «Жылы жүректен» тақырыбында дөңгелек үстел.
№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында "Жылы жүректен" атты ашық есік күніне дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мақсаты: қызмет алушылардың 8 түрлі қызмет көрсету түрлерімен күнделікті тұрмыс тіршіліктерімен танысуға, денсаулықтары жөнінде дәрігерлермен кездесуге, туысқандарының өздерін толғандырып жүрген сауал – сұрақтарына жауап алуына мүмкіндік туғызу. Орталық пен ата – ана арасындағы байланысты нығайту.
Ата — аналар мен туысқандар өз балдарымен және туыстарымен бірге дөңгелек үстелге қатысып, сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алып, қызмет алушылар музыкалық сәлемдеме ретінде өз өнерлерін ортаға салды.
Күнделікті жұмыс барысындағы қызмет алушылар мен мамандардың қызметтері бейнероликпен көрсетіліп, шара өз дәрежесінде тартымды өтті.