Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы мәлімет

Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  Атырау қаласы, Лесхоз шағын ауданы, Төлесін Әлиев көшесі, құрылыс 8 а мекен – жайында орналасқан. 1993 жылдың сәуір айынан бері жұмыс жасап келеді.

Орталықта қызмет алушыларға 8 бағыттағы қызмет,  әлеуметтік, психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсетілуде. Балалардың  мәдени шараларға қатысуы сияқты, т.б жағдайлар жасалуда.

150 орындық мекеме (100-стационар, 50-күндізгі бөлім балалары үшін).

2021 жылдың ақпан айынан бастап орталық жанынан күндізгі бөлім ашылды. Қазіргі таңда орталықта 70 қызмет алушы бар.

Орталық бөгде адамның тұрақты күтімін қажет ететін психоневрологиялық  патологиясы бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың тұруына арналған мекеме. Мекемеде 112 қызметкер бар, оның дефектолог-7, арнайы маман-4, логопед-2, психолог-1, дәрігер-4, аға мейірбике-1, мейірбикелер-4, тәрбиеші-15,                

 Орталықтың мақсаты: қызмет алушыларға үй жағдайына жақындатылған, стандартта белгіленген көлемге сәйкес қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену және кірігу деңгейін арттыруға бағытталған арнаулы    әлеуметтік қызметтер  көрсету.  Қазіргі уақытта стационар бөлімінде  - 33, күндізгі бөлімде - 39, барлығы  72  бала қызмет алады. Күндізгі бөлім тәрбиеленушілерінің орталықта болу уақыты  таңертеңгі 8 – ден кешкі 6 – ға дейін.

Қызмет алушылардың тұру жағдайларына жағдай жасалған. Жиһаз бен төсек – орын жабдықтары мен киім – кешекпен қамтамасыз етілген. Асхана, монша, кір жуу комплексі жұмыс жасайды. Шаштараз қызметі көрсетіледі.

Стационар бөліміндегі тәрбиеленушілер күніне 6 , күндізгі бөлім тәрбиеленушілері 4 рет нормативке сай тамақтанады.

Стандартқа сай тәрбиеленушілерге медициналық қызметтер көрсетіледі. Медицина блогы  заманауи құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілген. Балаларды оңалту мақсатында  емдік дене шынықтыру, физио кабинет жұмыс жасайды. Барлық қызмет алушылар жыл сайын жас ерекшелігіне байланысты тиісті скринингтен өткізіледі.

Қызмет алушылардың  жеке оңалту бағдарламасына сәйкес протездік–ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші құралдармен, гигиеналық жабдықтармен толықтай қамтамасыз етіледі.

Орталықтағы балаларға  түзете-дамыта оқыту, тәрбиелеу, психокоррекциялық жұмыстары  көрнекі құралдар мен ойыншықтар қоры бар лекотека бөлмесі,«Дельфа» қондырғысымен логопед бөлмесі, дефектологтар, акт,спорт залдары, қыш бөлмесі, тігін бөлмесі ,әлеуметтік-тұрмыстық өмірге бейімдеу мақсатында ас үй техникасымен жабдықталған әлеуметтік-тұрмыстық өмірге бейімдеу бөлмелері, монтессори кабинетінде, сенсор бөлмелерінде  жүргізіледі. Орталықта арнайы мамандар дефектолог – мұғалімдер, логопедтер, психологтар қызмет атқарады.

Еңбек дағдыларын үйретуге арналған  арттерапия кабинеті  жұмыс жасайды. Қол жетімді еңбекке баулу мақсатында, тәрбиеленушілерге хайуанаттар мүйісі жасақталған. Еңбек  нұсқаушысы  тәрбиеленушілерді орталықтың жер учаскесінде әр түрлі көкөністерді егіп, өсіруге үйретеді. Демеушілердің көмегімен тамшылау суару әдісі бойынша жұмыс жасайтын жылыжай салынып, қазіргі таңда өз жемісін беруде.Сонымен қатар, орталық қызметкерлері қосалқы шаруашылық (қоян өсіру, құстар түрлерін баптау) жұмысын қолға алып жұмыс жүргізілуде.

 Орталықта мерекелік шаралар,  әр айдың соңғы аптасында ата – аналарға арналған «Ашық есік» күндері, ата-аналар жиналысы  өткізіледі. Мұның өзі орталық пен ата – аналар арасындағы байланысты нығайта түсуге көп септігін тигізуде.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету шеңберінде тапсырылған  тапсырмалар  аясында жұмыстар жүргізілуде.

Соның ішінде:

  • Қызмет алушыларға қажетті дәрі-дәрмектер мен қорғаныш, дезинфекциялық құралдар жеткілікті. Тиісті жерлерге санитайзерлер орнатылды.
  • Орталықтың «Инстаграмм», «Фейсбук» парақшалары ашылып,өткізілген іс-шаралар мен жасалынып отырған жұмыстар жарияланып отырады.
  • Қызмет алушыларға көрсетілетін қызметті алу үшін интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етілді.
  • «Ғимараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің есебімен жобалау» жалпы Ережесіне сәйкес ғимаратта көру қызметі бұзушылығы бар адамдар үшін ақпараттық моносхема, қызмет алушылардың жуынатын бөлмелеріндегі ванналарға арнайы жақтаулар (поручтар) орнатылды.
  • Қызметкерлер мен қызмет алушылар туралы мәліметтері арнаулы әлеуметтік қызметтер порталына (АӘК) енгізілді.
  • Орталықта қызмет алушылардың құқықтарының сақталуына және туындаған мәселелерді шешуге қамқорлықтағы балалардың ата – аналары мен белсенді азаматтық ұстанымы бар азаматтардан қоғамдық кеңес құрылып, кеңестің отырысы мезгілінде өткізіліп отырылады.
  • Қызмет алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейне-бақылау камералары орнатылды. Бейнетаспадағы түсірілімдер тексеріліп отырылады. (96 бейне бақылау камерасы бар, 68 – ішкі, 28 – сыртқы)

 Қызметкерлердің ерекше балаларға сапалы қызмет көрсетуіне толықтай жағдай жасалған. Мекеменің материалдық-техникалық базасы толығымен жабдықталған.    

Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы мәлімет
Дата публикации
20 октября 2022