«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша пилоттық жобаны іске қосу және іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы №41, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы №60 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы №47 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 131, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 263 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 200/НҚ бірлескен бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін адамдарға қатысты халықтың көші-қонын реттеудің жаңа тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген көшіп келушілердің мынадай өңірлерде тұрақты тұру міндеттілігі көзделген. (1. Ақмола облысы (Қосшы қаласын, Аршалы және Целиноград аудандарын қоспағанда), 2. Шығыс Қазақстан облысы, 3. Қостанай облысы, 4. Павлодар облысы, 5. Солтүстік Қазақстан облысы, 6. Абай Облысы, 7. Ұлытау Облысы).
Осыған орай, Қандас мәртебесін беру тәртібіне өзгеріс енгізілуіне байланысты Атырау облысы қандас мәртебесін беру өңірінен алынып тасталды.