Жоғары білікті мамандарды, шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлерді тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында көші-қон саясатын жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

2026 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің «Жоғары білікті мамандарды, шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлерді тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында көші-қон саясатын жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» №1242 Жарлығы қабылданды.

Жарлықтың негізгі мақсаты – елімізге жоғары білікті мамандарды, инвесторлар мен кәсіпкерлерді тарту үшін қолайлы жағдай жасау.

Жарлық аясында:

  • жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту;
  • шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайлар жасау;
  • мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін жеңілдету;
  • «бір терезе» қағидатын кеңейту;
  • сервистік мемлекетті дамыту
  • әкімшілік рәсімдердің тиімділігін арттыру;
  • «Алтын виза» механизмін енгізу және басқа да заманауи көші-қон құралдарын дамыту көзделген.

Аталған бастамалар Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын арттыруға және көші-қон саясатын жетілдіруге бағытталған.

 

 

 

Указ Президента
Дата публикации
20 мая 2026