Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Әлеуметтік әріптестік

Әлеуметтік әріптестікті өңірлік деңгейде – әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссиясы (бұдан әрі – өңірлік комиссия) әлеуметтік әріптестік органдары арқылы тараптардың өзара іс-қимыл жасауы нысанында қамтамасыз етеді. 

Тұрақты жұмыс істейтін өңірлік комиссиясы мынадай қағидаттар: комиссияның қызметіне атқарушы билік органдары өкілдерінің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер өкілдерінің қатысу міндеттілігі, тараптардың өкілеттілігі, тепе-тең өкілдік ету, тараптардың тең құқықтылығы, тараптардың өзара жауаптылығы негізінде қалыптастырылады.

Документы
Ақпарат
11 сентября 2026
Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімі
Халықты жұмыспен қамту және көші-қон бөлімі
Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2027 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбы туралы ақпарат
Ақпарат
25 мая 2026
Әлеуметтік әріптестік және ақпараттық талдау бөлімі
2016-2022 жылдары аралығында Атырау облысы бойынша еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек жолы» республикалық конкурсының жеңімпаздары
Ақпарат
18 мая 2026
Әлеуметтік әріптестік және ақпараттық талдау бөлімі
2008-2025 жылдары аралығында Атырау облысы бойынша бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының жеңімпаздары
Новости
Полезные материалы
«Еңбек жолы» конкурсына қатысайық!
«Парыз» конкурсына қатысайық!
Әлеуметтік әріптестік
Медиагалерея
События
01 января
2025 жылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы
15 марта
"Еңбек жолы " конкурсы
15 мая
«Еңбек жолы» конкурсына қатысайық!
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Часто задаваемые вопросы
«Еңбек жолы» конкурсының өткізудің мақсаты және оған кімдер қатыса алады?

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету мақсатында 2016 жылдан бастап жыл сайын еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында «Еңбек жолы» республикалық конкурсы өткізіліп келеді.

«Еңбек жолы» конкурсын өткізудің мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын сақтау, еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу және «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.

Конкурс жыл сайын 2 (екі) кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық.

Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, саласына қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» - бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.

Еңбек әулеті – бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.

2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады;

3) «Өндірістің үздік жас маманы» - бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.

 

Ескерту

Конкурс жөнінде толық ақпаратты Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан, мекен-жайы: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 31А, тел.8 (7122) 32 22 28 немесе облыс әкімдігінің интернет- ресурсында: gov.kz алуыңызға болады.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы