Әлеуметтік қорғау
Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша:
Тұрмысы жағынан аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға) үкімет тарапынан басты әлеуметтік төлем түрлері қарастырылған: (АӘК) атаулы әлеуметтік көмек және (ТҮ) тұрғын үй көмегі.
Атаулы әлеуметтік көмекке жүгіну үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкімдіктеріне немесе мансап орталығына жүгіне аласыз немесе электрондық үкімет порталы арқылы өтініш бере аласыз.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Отбасының цифрлық картасы» іске қосылды. Бұл жерде егерде атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы Сізге белгіленсе, ұялы телефоныңызға СМС-хабарлама келеді.
Осы СМС-хабарламаға келісім берсеңіз мемлекеттік органдарға жүгінбей-ақ, заңдылықтарға сәйкес, Сіз атаулы әлеуметтік көмек алу мүмкіндігіне ие бола аласыз.
Атырау қаласы Мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйекте қабылданған №55 шешіміне сәйкес, өтініш білдірген айдың алдындағы тоқсандағы отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы Атырау облысы бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға біржолғы әлеуметтік көмек белгіленеді.
Егер, отбасы әлеуметтік осал топтар санатына жатқан жағдайда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Қ.Сәтпаев көшесі, 23 үй, байланыс телефон 49-19-64) жолығуға болады.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек отбасының жиынтық табысы кедейлік шегінен төмен болған жағдайда тағайындалады. Егер де отбасыңыздың жиынтық табысы тоқсандағы белгіленген кедейлік шегінен төмен болса, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқыңыз болады. Ол үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша ауылдық округі әкімдігіне, мансап орталығына немесе электрондық үкімет порталы арқылы өтініш бере аласыз.