
Коммуналдык мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жалғы 26 наурыздағы №165 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес психикалық созылмалы аурулармен ауыратын, денсаулық жағдайы бойынша тұрмыстық қызмет көрсетуге және медициналық көмекке мұқтаж, адамдардың тәулік бойы тұрақты тұруына арналған.
Коммуналдык мемлекеттік мекемеде тұруына медициналық қарсы көрсетілімдер болып:
1) белсенді процесс сатысындағы туберкулездің болуы;
2) психикалық аурулардың (соматикалык ауру кезіндегі невроздарды, неврозға ұқсас жәй-күйлерді, ақыл-ес кемшілігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі
жоқ, сирек ұстамасы бар( 2-3 айда бір реттен артық емес) этилогиясы әртүрлі
тырыспалы синдромдарды қоспағанда) болуы;
3) карантиндік инфекциялардың, тері мен шаш жұқпалы ауруларының. венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажет ететін аурулардың болуы табылады.
Коммуналдық мемлекеттік мекеменің негізгі мақсаты үй-жағдайында жақындатылған, өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау, мемлекеттік стандартқа сәйкес әлеуметтік қолдау және оңалту шараларын көрсету болып табылады.
Коммуналдық мемлекеттік мекемеде көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері:
1) Көрсетілетін қызметті алушылардың тіршілігін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер;
2) Көрсетілетін қызметті алушылардың денсаулығын қолдауға және жақсартуға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер;
3) қызметті алушылардың жеке қажеттіліктерін ескеріп, әлеуметтік бейімдеуге,
әлеуметтенуге және ықпалдасуына бағытталған әлеуметтік-психологиялық қызметтер:
4) қызметті алушылардың енбек қызметін ұйымдастыруға, енбекке ынталандыруды қалыптастыруға бағыталған әлеуметтік-еңбек қызметтер:
5) уақытты ұйымдастыруға, әлеуметтік-мәдени іс-шаралар жүргізуге және оларға
қызмет алушыларды тартуға бағытталған әлеуметтік-мәдени қызметтер;
6) көрсетілетін қызметті алушылардың өмір сүру денгейін қолдауға және жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық қызметтер;
7) қызметті алушылардың құқықтық мәртебесін қолдауға немесе өзгертуте, заңгерлік қызмет көрсетуге, заңды құқығы мен мүддесін корғауға бағытталған әлеуметтік-құқықтық қызметтер.
Коммуналдық мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады.
1) қызметті алушыларға үй жағдайына жақындатылған, жасы мен денсаулық жағдайына барынша тең тыныс-тіршілік жағдайын жасау;
2) коммуналдық мемлекеттік мекемеде арнаулы әлеуметтік қызметтерді белгіленген көлемге сәйкес көрсету;
3) қызметті алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке дамуына, әлеуметтену және ықпалдастық деңгейін арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;
4) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру;
5) кемсітушіліктің барлық түрлерінен, физикалық және психикалық күш көрсетуден, қорланудан, дөрекіліктен қорғау;
6) қызметті алушыларды қабылдау және олардың ауруларын, жағдайының ауырлығын, жасын ескере отырып орналастыру, оларды жаңа жағдайға бейімдеу бойынша іс-шаралар жүргізу.
Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының коммуналдық мемлекеттік мекеменің осы Ережеде қарастырылмаған қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікті қолдануға әкеліп соғады.