Ашылған жылы: Облыс әкімдігінің 1993жылы 3-ші маусымдағы № 716 шешімімен әлеуметтік қорғау басқармасының бір бөлімі болып ашылып, 2001жылы облыс әкімдігінің 24-ші шілдедегі № 9 қаулысымен өз алдына мемлекеттік мекеме жеке тұлға болып қайта құрылды.
2008 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген Облыстық мүгедектер орталығының ғимараты еліміздегі типтік жобада салынған алғашқы орталықтардың бірі.
Мекеменің негізгі мақсаты: Әр түрлі аурулармен дене жарақатын алған, облыс аумағында тұратын, жасы 15-тен асқан мүгедектерді емдеу-сауықтыру шараларын жүргізу арқылы толықтай сырқатынан айықтыруға немесе күнделікті тұрмысқа икемдеп жеңілдетуге арналған.
Орталықта І-ІІ-ші топтағы мүгедектер Әлеуметтік қызметтер көрсету порталы арқылы, жергілікті өкілетті органдар жолдамасымен және оңалту бағдарламасымен және медициналық картасымен келіп арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарына сай көмек алады.