
1984 жылы 18 ақпанда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Киров ауылдық округінде дүниеге келген.
Мансаптың әртүрлі кезеңдерінде келесі лауазымдарды атқарды: ЭЕМ операторы, Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы және басқалар.
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін (2005) "Мемлекеттік және жергілікті басқару"мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы — Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті (мамандығы — "Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру")
2005-2006 жылдары — ЭЕМ операторы, Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы.
2006-2012 жылдары — Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің бас маманы, Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы.
2012-2015 жылдары-Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының табиғатты қорғау бағдарламалары бөлімінің бас маманы.
2016-2017 жылдары — Мемлекеттік сатып алу менеджері, Атырау қалалық қаржы бөлімінің Мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі.
2017-2018 жылдары-Атырау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.
2018-2020 жылдары — Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының білім, мәдениет, спорт, мұрағат және ішкі саясат салаларындағы жоспарлау бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы.
2020-2021 жылдары — Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы.
2021-2022 жылдары — Атырау облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары, инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы.
2022 жылдан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін Атырау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Марапаттары: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Алғыс хаты" (2008), Атырау облысы әкімінің "Алғыс хаты" (2020).