GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
14 октября 2026
Атырауда республикалық волонтерлер слеті өтуде

Атырауда «Волонтерлік қозғалыс: бірлік, тәжірибе және тұрақты даму» тақырыбында республикалық волонтерлер слеті өтуде. Жиынға Астана, Шымкент қалалары мен Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстарынан 35 жастан асқан және 50 жастан жоғары 100-ден астам күміс волонтер қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – күміс волонтерлер арасында тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету, өзара ынтымақтастықты нығайту, азаматтық белсенділікті арттыру және волонтерлік қозғалыстың тұрақты дамуына ықпал ету. Осы мақсатта слетке Грузиядан және еліміздің Астана, Маңғыстау, Ақтөбе өңірлерінен арнайы тренерлер шақырылды.

Екі күнге жоспарланған слеттің алғашқы күні спикерлер мен еліміздің әр өңірінен келген волонтерлердің қатысуымен панельдік сессия өтті. Кездесу барысында волонтерлік қызметті дамыту, азаматтық белсенділікті арттыру және еріктілер қозғалысының тиімділігін күшейту мәселелері талқыланды.

06 октября 2026
«TAMYR» рухани stand-up жобасы Құрманғазы ауданында жалғасады

Жоба - ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қоғамдағы маңызды мәселелерді заманауи форматта талқылауға бағытталған рухани-ағартушылық алаң. Кеш барысында рух, сана, адам және өмір тақырыптары қозғалып, көрермендерге ой бөлісуге және жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік беретін еркін пікір алаңы ұсынылады.

Өтетін күні: 8 қазан, 2026 жыл

Уақыты: 16:00

Мекенжайы: Құрманғазы ауданы, С. Көшекбаев атындағы мәдениет үйі

Жобаға қатысу тегін. Толық ақпарат @tamyr_standup парақшасында жарияланады.

 

 

06 октября 2026
Рақымжан Отарбаевтың 70 жылдығына орай облыстық «Atyrau Quiz» зияткерлік ойыны өтеді

Өңір жастарының зияткерлік әлеуетін арттыру және танымдық белсенділігін қолдау мақсатында жазушы Рақымжан Отарбаевтың 70 жылдығына орай Дәурен Махимовтың авторлық сұрақтары негізінде облыстық «Atyrau Quiz» зияткерлік ойыны ұйымдастырылады.

Қатысу талаптары:
команда құрамында 4-9 адам болуы тиіс;
қатысушылардың жасы – 14-34 жас аралығы.

Жүлде қоры – 300 000 теңге.

Өтетін орны: Абай атындағы оқушылар орталығы
Өтетін күні: 19 қазан 2026 жыл
Басталу уақыты: 19:00

Толық ақпарат «@jetijargy» Instagram парақшасында

05 октября 2026
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымына Досқалиева Жаннат Закиқызы тағайындалды.
Досқалиева Жаннат Закиқызы 1980 жылғы 22 қыркүйекте Атырау қаласында дүниеге келген. 1997–2001 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде білім алып, «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығын меңгерген. 2010–2012 жылдары Еуразия академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2001–2006 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2006–2008 жылдары Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы, 2008–2012 жылдары аталған бөлімнің бас маманы қызметтерін атқарған.
2012 жылы Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің саяси партиялармен, діни бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен және жастармен жұмыс жөніндегі сектор меңгерушісі, 2012–2016 жылдары осы бөлімнің басшысы болған.
2016–2018 жылдары Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 2018–2020 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметтерін атқарған.
2021–2026 жылдары Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқарған.

2026 жылдың қазан айынан бастап Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

05 октября 2026
«TAMYR» рухани stand-up жобасы Жылыой ауданында

«TAMYR» рухани stand-up жобасы аясында Жылыой ауданының тұрғындарына арналған мазмұнды кездесу ұйымдастырылады.

Жоба өмір мәні, адам болмысы, рухани құндылықтар мен қоғамдық ой тақырыптарын заманауи форматта талқылауға бағытталған. Кездесу барысында еркін әңгіме, өмірлік тәжірибе, тағылымды ойлар үйлесім табады.

Кеш спикерлері:

  • Әділет Сүйінғалиұлы
  • Бүркіт Базарбаев
  • Гүлбану Тайберенқызы
  • Нұрбол Маратұлы

Өтетін орны: Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Кең Жылыой мәдениет үйі

Күні: 7 қазан

Уақыты: 16:00

Жобаға қатысу тегін. Толық ақпарат @tamyr_standup парақшасында жарияланады.

28 сентября 2026
«TAMYR» рухани stand-up жобасы Мақат ауданында жалғасады

«TAMYR» рухани stand-up – ұлттық өнер мен руханиятты, халық мұрасы мен тағылымды әңгімені заманауи форматта ұсынатын шығармашылық жоба.

Жобаның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақтың тарихи санасы мен рухани дүниетанымын қалыптастыру. Кеш барысында қазақы болмыс, халық ауыз әдебиеті, ұлттық өнер мен тарих тақырыптары кеңінен қозғалады.

🔹Кеш спикерлері:

Нұрбол Маратұлы — халық ауыз әдебиетін дәріптеп, ұлттық мұраны жаңғыртып, әке рухы мен ұрпақ сабақтастығын насихаттап жүрген спикер.

Әділет Сүйінғалиұлы — ұлттық өнерді дәріптеп, терме мен домбыраның үнін жас ұрпаққа жеткізіп жүрген ұстаз, өнер жанашыры.

Ғалымжан Бағытжанұлы — жас ұрпақты рухты, қазақы болмыста тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаз, тарихшы.

Күні: 30 қыркүйек 2026 жыл

Уақыты: 16:00

Өтетін орны: Мақат аудандық мәдениет үйі

Жобаға қатысу тегін. Толық ақпарат @tamyr_standup инстаграм парақшасында жарияланады.

23 сентября 2026
«DIGITAL QAUIPSIZDIK» - интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша форум өтті

Атырауда жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу, жеке деректерді қорғау мәдениетін қалыптастыру және заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні қауіпсіз пайдалануды түсіндіруге бағытталған форум өтті.

Іс-шараға 500-ге жуық адам – студенттер, жастар, жас спортшылар, ата-аналар, ардагерлер, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының өкілдері, сала мамандары және қоғамдық орта өкілдері қатысты.

Форумның ашылуында Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ердос Ғаниұлы Әбдісаттаров пен Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ғалым Мейрамғалиевич Байжанов сөз сөйлеп, цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Арнайы спикерлік сессияларда интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері мен одан қорғану жолдары, банк карталары мен цифрлық төлемдерді қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ жасанды интеллект мүмкіндіктерін жауапкершілікпен қолдану мәселелері қамтылды.

Сонымен қатар фойеде хакатон жеңімпаздарының жобалары, Цифрландыру басқармасының цифрлық жобалары және банк өкілдерінің цифрландыру саласындағы жобалары таныстырылды. Қатысушыларға робот-полицияның мүмкіндіктері көрсетіліп, оның жұмыс істеу ерекшеліктері таныстырылды.

Форум барысында жастар цифрлық ортадағы қауіпсіздік, интернет-алаяқтықтан қорғану, жеке деректерді сақтау және жаңа технологияларды саналы әрі жауапкершілікпен пайдалану бойынша пайдалы ақпарат алды.

21 сентября 2026
Atyrau Youth Fellowship қатысушылары Baku ID 2026 халықаралық инновациялық фестиваліне қатысты

Study Tour бағдарламасы аясында Баку қаласындағы заманауи инновациялық кеңістік – SABAH.city алаңында Baku ID 2026 халықаралық инновациялық фестивалі өтті. Іс-шара барысында стартаптар, технологиялар, инновациялар және кәсіпкерлік салаларындағы жаңа жобалар таныстырылып, сарапшылардың пікірлері мен тәжірибелері ұсынылды.

Қатысушылар инновациялық экожүйені дамыту, жаңа технологиялар және перспективалы мүмкіндіктерге арналған панельдік пікірталастар мен презентацияларға қатысып, тәжірибе алмасты. Фестиваль жаңа идеялармен танысуға, кәсіби байланыстар орнатуға және инновациялық даму бағыттары бойынша пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік берді.

21 сентября 2026
«TAMYR» рухани stand-up жобасы Исатай ауданында өтеді

Жоба – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қоғамдағы маңызды мәселелерді заманауи форматта талқылауға бағытталған рухани-ағартушылық алаң. Кеш барысында рух, сана, адам және өмір тақырыптары қозғалып, көрермендерге ой бөлісуге және жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік беретін еркін пікір алаңы ұсынылады.

📅 Өтетін күні: 23 қыркүйек, 2026 жыл

🕕 Уақыты: 18:00

📍 Мекенжайы: Аққыстау ауылы, «Жалын» мәдениет үйі

Жобаға қатысу тегін. Толық ақпарат @tamyr_standup парақшасында жарияланады. Жоба Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда.

18 сентября 2026
«Fun Time» ауыспалы пікірсайыс кубогы аясында Линкольн–Дуглас форматында ойын өтеді

Пікірсайыс «Бұл палата шетелдік университет дипломы жергілікті дипломнан құндырақ деп санайды» тақырыбында Линкольн–Дуглас форматында ағылшын тілінде ұйымдастырылады. Қаламғали Тоғжан мен Дүйісов Тұрғұт өз ұстанымдарын аргументтер арқылы қорғап, тақырып бойынша пікір алмасады.

📅 Өтетін күні: 24 қыркүйек | 15:00
📍 Мекенжайы: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Жоба Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Жеті Жарғы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы