Атырауда шығармашылық байқау жарияланды

Атырауда шығармашылық байқау жарияланды

Облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің ұйымдастыруымен өңірдегі ауыл шаруашылығының дамуын насихаттау мақсатында шығармашылық байқау жарияланды.

Белгілі қаламгер, газеттің бұрынғы бас редакторы Құмар Кенжеғалиевтің туғанына 90 жыл толуына арналған байқау ауыл шаруашылығы саласының дамуына ықпал етіп жүрген журналистер мен шығармашылық қауым өкілдерін ынталандыруға бағытталды.

Жеңімпаздарды анықтау кезінде комиссия мына талаптарды басшылыққа алады:

  • материалдардың объективтілігі;
  • қозғалатын мәселелердің және оларды шығармашылық талдаудың тереңдігі;
  • материалдардың қоғамдық резонанс туғызуы;
  • материалдардың шығармашылық тұрғыда өміршеңдігі.

Байқау шарттары:

  • Байқауға облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінде жəне оның www.atr.kz сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланған хабарландыруда ұсынылған тақырыпқа сəйкес келетін бағытта жазылған жəне «Байқауға» деген айдар қойылған материалдар қабылданады;
  • Облыстағы ауыл шаруашылығы саласының дамуы тақырыбында жазылып, 2025 жылдың 1 сәуірі мен 15 маусымы аралығында (қоса алғанда) газеттің www.atr.kz сайтында жарық көрген материалдар қабылданады.
  • Қатысатын жұмыстар жарияланған басылымның атауын, шыққан күнін (сілтеме арқылы) растай отырып, автор туралы ақпарат (қысқаша өмірбаян), 1 (бір) дана 3х4 үлгідегі фотосуреті, пошталық және электронды мекен-жайы, байланыс телефонымен (анықтама үшін) бірге редакцияның электронды поштасына ұсынылуы тиіс.

Байқауға 18-63 жас аралығындағы журналистер қатысып, бір қатысушы бір материал ғана ұсына алады. Бұрын басқа басылымдарда немесе әлеуметтік желіде жарияланған материал мен суреттер қабылданбайды.

Ұсынылатын материалдар мемлекеттік тілде жазылуы шарт!

Қойылатын талаптар мен басқа да ақпараттар https://atr.kz/gazet-zhylnamasy/atyrau-gazeti-shygarmashylyq-bajqau-zhariialady/ көрсетілген.

Байланыс деректері: 8(702) 774-23-74; электронды почта: atyrau_gazeti@mail.ru